USD: 470.3 / 472.7
  • EUR: 537.0 / 542.0
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Алматы – Бішкек автожолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Жоба халықаралық көлік дәлізін дамытуға ықпал етеді.

Алматы облысының Қарасай ауданында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автомобиль жолының 19–27 шақырым аралығын қайта жаңғырту және сегіз жолаққа дейін кеңейту жұмыстары басталды, деп хабарлайды әкімдіктің бапсаөз қызметі. 

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік инфрақұрылымын дамыту және автомобиль жолдарының өткізу қабілетін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

"Қазір бұл жол учаскесі республикалық жол желісіндегі ең қарқынды бағыттардың бірі саналады. Мұнда тәулігіне 70 мыңнан астам автокөлік қатынайды. Төрт жолақты жолдың өткізу қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, көлік кептелісі жиі болып, Алматы мен қала маңындағы елді мекендер арасындағы қозғалыс қиындаған. Жоба аясында жол төрт жолақтан сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі. Сондай-ақ екі "таға" үлгісіндегі жолайрық, тоғыз жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынып, тротуарлар мен заманауи жарықтандыру жүйесі орнатылады. Бұдан бөлек, инженерлік желілер жаңартылып, жолға жаңа жабын төселеді", – делінген хабарламада.

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, бұл жоба Алматы агломерациясының көлік жүйесін дамытудағы маңызды бастамалардың бірі.

Оның сөзінше, жолды кеңейту көлік кептелісін азайтып, жол жүру уақытын қысқартады және жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттырады.

Жобаны іске асыру нәтижесінде Алматы қаласына кіреберіс және шығаберіс бағыттардағы көлік жүктемесін төмендету, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанды байланыстыратын халықаралық көлік дәлізінің өткізу қабілетін арттыру көзделіп отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау