USD: 467.7 / 470.1
  • EUR: 534.0 / 539.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Қазақстанның қай өңірінде орташа жалақы деңгейі ең жоғары

Фото: Egemen Qazaqstan
Фото: Egemen Qazaqstan
Биылғы І тоқсан қорытындысында Ұлытау облысы бұл тізімде көш бастады.

Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың І тоқсанындағы жалдамалы қызметкерлердің жалақы деңгейі туралы деректерді жариялады. Статистика бойынша Ұлытау облысы орташа айлық жалақы көлемі бойынша Қазақстан өңірлері арасында бірінші орынға шықты.

Қаңтар – наурыз айларында өңірдегі орташа жалақы 637,3 мың теңгені құрады. Бұл республика бойынша 445,1 мың теңгені құрайтын орташа көрсеткіштен 192,3 мың теңгеге немесе 43,2%-ға жоғары.

Инфографика: Informburo.kz

Жалақы деңгейі бойынша келесі жоғары көрсеткіштер Атырау мен Маңғыстау облыстарында тіркелді. Орташа жалақы деңгейі тиісінше 610,1 мың және 608,4 мың теңгеге тең. Одан кейінгі орындарда 559,9 мың теңге көрсеткішімен Астана қаласы және 551,6 мың теңгемен Алматы қаласы тұр. Осылайша Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша өзге өнеркәсіптік өңірлерді ғана емес, елдің ірі қалаларын да басып озды.

Өңірдегі еңбекақы деңгейінің жоғары болуы көп жағдайда облыстың өнеркәсіптік бағыт-бағдарымен байланысты екенін атап өткен маңызды. Ұлытау экономикасының негізі саналатын тау-кен металлургия кешені білікті кадрларға тұрақты сұранысты қалыптастырып, қызметкерлерге өзге салалармен салыстырғанда жоғары жалақы ұсынады.

Өңір экономикасы мен жұмыспен қамту саласында "Қазақмыс" компаниялар тобы маңызды рөл атқарады. Ол – облыстағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі. Топ кәсіпорындары Ұлытау тұрғындарын тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, өндіріс көлемін дамытуда, сондай-ақ қолданыстағы нысандарды жаңғырту жобаларын жүзеге асырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау