Әлемдегі әйелдер ұйымдарының 90 пайызында жабылу қаупі бар – "БҰҰ-әйелдер"

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Сауалнама 500-ге жуық әйелдер басқаратын және әйелдердің құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдар арасында жүргізілген.

"БҰҰ-әйелдер" қоғамдық ұйымдарға жаһандық қаржылық қолдаудың қысқаруына байланысты сауалнама жүргізіп, оның қорытындысы бойынша әзірленген есепті жариялады. Онда алдағы алты ай ішінде дағдарыс жағдайындағы әйелдерге қолдау көрсететін ұйымдардың жартысы жабылуы мүмкін екені айтылған. 

Сауалнама әйелдер басқаратын және әйелдердің құқығын қорғаумен айналысатын ұйымдар арасында жүргізілсе, оған жауап бергендердің 90 пайызы қаржыландырудың қысқаруына байланысты зардап шегіп отырғанын мәлімдеген. 

"Әлемнің 73 елінде 308 миллионнан астам адам гуманитарлық көмекке мұқтаж және бұл сан қақтығыстардың көбеюі, климаттың өзгеруі азық-түлік қауіпсіздігінің болмауы және түрлі аурудың өршуіне байланысты өсе береді. Бұл ретте әйелдер мен қыздар дағдарыстан көбірек зардап шегеді. Ол жыныстық зорлық-зомбылықпен, жүктілікпен байланысты өлім-жітіммен, тойып тамақ жемеумен байланысты. Гуманитарлық көмекке мұқтаждық артып келе жатқанына қарамастан, қаржыландырудың қысқаруы адамдарға, оның ішінде әйелдер мен қыздарға үлкен қауіп төндіріп тұр", – делінген есепте. 


Оқи отырыңыз:


Сондай-ақ, құжатта қаржыландырудың қысқаруына байланысты қазірдің өзінде қоғамдық ұйымдардың 51 пайызы гендерлік зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету, медициналық қызмет пен қаржылық көмекке қолжетімділік беру сынды бағдарламаларды қысқартуға мәжбүр болғаны жазылған. Ал ұйымдардың төрттен үшіне жуығы (72 пайызы) қызметкерлерін жұмыстан шығарып жатыр. 

"Жағдай өте қиын. Әйелдер мен қыздарды бұл ұйымдар көрсететін өмірлік маңызы зор көмектен айыруға болмайды. Оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету тек теңдік пен құқық мәселесі емес, сонымен қатар стратегиялық маңызды қажеттілік", – деді "БҰҰ-әйелдер" гуманитарлық қызмет жетекшісі София Каллторп. 

Серіктестер жаңалықтары