Тікелей эфир

Айсұлтан Сейітов "Қаш" фильмі үшін Шанхай фестивалінде жүлде жеңіп алды

"Қаш" фильмі кинофестивальдің шорт-листіне еніп, үш номинацияға ілікті.

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов қазір өтіп жатқан 25-ші мерейтойлық Шанхай халықаралық кинофестивалінде дебюттік "Қаш" фильмімен "Үздік режиссер" номинациясында жеңіске жетті. Бұл туралы Qara production баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қаш" фильмі шорт-листке еніп, Asian New Talent санаты бойынша үш номинацияға іліккен еді. Олар: 

  • Best Film — Aisultan Seitov
  • Best Director — Aisultan Seitov
  • Best Script Writer —Ablay Nurmanbetov

Кинофестиваль бағдарламасында фильмді Айсұлтан Сейітов, Qara Studios студиясының бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев пен сценарий авторы Абылай Нұрманбетов ұсынды. 

"Қаш" фильмінің түсірілімі 2020 жылы басталып, 2022 жылы шықты. Туынды Қазақстанға кеңінен тарады. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазақстандық сыншылар тарапынан да бірқатар марапатқа ие болды. Фильм жақында әлемдік прокатқа жіберіледі. 

"Қаш" 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық қасіретін екі ағайындының басынан өткен оқиғасы арқылы баяндайды. 

Шанхай кинофестивалі – кең халықаралық бағдарламасымен әйігілі Қытайдың ең ірі кинофестивалі. Ол биыл 9-18 маусым аралығында өтіп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары