Тікелей эфир

Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті

Қытайдың ең ірі кинофестивалі 9-18 маусым аралығында өтеді.

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің "Қаш" дебюттік фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінің 25-ші мерейтойлық байқауына өтті, деп хабарлады Qara Studios.

Фильм Азиядағы жаңа таланттарға берілетін "Asian New Talent" санатына ұсынылып, Golden Goblet Awards марапатын алу мүмкіндігіне ие болды. Мыңдаған картиналар арасынан таңдалған үміткерлердің тізімі variety.com сайтында жарияланған.

Айта кетейік, Қытайдың ең ірі кинофестивалі 9-18 маусым аралығында өтеді.


Оқи отырыңыз: "714 мың құжат әлі құпия". Қуғын-сүргін мен ашаршылық тарихы қалай зерттеліп жатыр?


Еске салайық, туынды 2022 жылы жарыққа шықты. Фильм екі ағайындының жеке оқиғасы арқылы 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық трагедиясын баяндайды.

Серіктестер жаңалықтары