Тікелей эфир

Аймағамбетов: Баланы 5 жаста мектепке беру ерте, ерекше балаларды 8-9 жасынан оқытуға болады

Экс-министр Қазақстандағы білім сапасы бәсекеге қабілетті екенін айтты.

Парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы білім сапасы мен баланы мектепке беру жасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол "Не болды" бағдарламасында айтты. 

"Менің ойымша, 5 жаста балаларды мектепке беру ерте. Әр баланың дамуы әртүрлі болады. Ерекше білімді қажет ететін балалар да бар. Оларды мектепке 8-9 жасында беруге болады. Заңда солай жазылған, өйткені оларға арналған білім бағдаралмасы бөлек. Негізінен баланы мектепке 6 жастан бастап беруге болады деп ойлаймын, ал 5 жас ерте", – деді Асхат Аймағамбетов. 

Мұнымен қатар ол Қазақстандағы білім сапасы мәселесіне тоқталды. Айтуынша, елдегі білім сапасы бәсекеге қабілетті. 


Оқи отырыңыз: Экс-министр Асхат Аймағамбетов 3 жылда білім саласын қалай жаңғыртты?


"Менің ойымша, балаларымыз Қазақстанда оқып, білім алуы керек. Біздің білім беру жүйесін жақсы-жаман деп айтсақ та, ол бәсекеге қабілетті болуы үшін жеткілікті. Менің балаларым осында мектеп пен балабақшада білім алып жатыр. Оның үстіне мұнда тек мектеп пен балабақша емес, ата-ананың қосымша тәрбиесі де маңызды рөл атқарады", – деді депутат. 

Серіктестер жаңалықтары