Тікелей эфир

Абайдың туған күніне орай Абай облысында қандай шаралар өтеді?

Шаралар бүгіннен басталып, 17 тамызға дейін жалғасады.

Биыл құрылған Абай облысы ақын Абай Құнанбайұлының туған күнін тоғыз күн мерекелеуді жоспарлап отыр.

Мерекелік шаралар кестесін ұсынамыз:

8 тамыз, сағат 15.00. Абай облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында қос музейдің бірлескен "Ұлылар үндескенде" (вернисаж) көрмесі ашылады.

9 тамыз, сағат 10.00. Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасында "Барлық даналық кітапта" атты әдеби экспозициялар топтамасы өтеді.

10 тамыз, сағат 11.30. "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының "Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан" гастрольдік сапары Семейде басталады. Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған "Әуезов әлемі" атты дөңгелек үстел отырысы өтеді. Сондай-ақ "Ұлы дала – Ұлы Абай" гала-концерті жоспарланған.

11 тамыз, сағат 17.00. Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театрында "Жас Абай" қойылымы көрсетіледі.

12 тамыз. Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Абайдың ақындық мектебі және Сапарғали Әлімбетов", "Тәңірберген Әміренов – Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы" дәрістері өтіп, "Семей десе Абай деп қарайды адам..." атты көрме ашылады.

13 тамыз. Достоевский атындағы драма театрында "Қара сөздер" поэтикалық қойылымы көрсетіледі.

14 тамыз. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайында "Ұлылар үндескенде" көрмесіне экскурсия өткізіледі:

  • сағат 12.00-де – қазақ тілінде;
  • сағат 14.00-де – орыс тілінде.

15 тамыз. "Дариға-ай" жастар театры Мұхтар Әуезовтің "Ғажайып трагедиясы" спектаклін сахналайды.

16 тамыз. Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық мұражайда Абай өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс өтеді.

17 тамыз. Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның "Қалың елім қазағым қайран жұртым" атты концерті болады.


Оқи отырыңыз: Мұрат Әуезов: "Абай кездейсоқ адам емес, ол – тұтас ұлтқа, халыққа пара-пар тұлға"


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары