85 мың теңге: ең төменгі жалақы көлемі қайта қарала ма

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Мәселе 14 қазаннан кейін қаралады.

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру мәселесі қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Құрылтайда өткен брифингте айтты. 

Брифинг барысында журналистер алдағы үш жылда ең төменгі жалақы қазіргі 85 мың теңге деңгейінде қала ма деп сұрады. Бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігі талқыланған болатын.

Азамат Әмриннің айтуынша, ең төменгі жалақыға қатысты қажетті есептеулер жасалған.

"Негізінен есептеулер бар. Бұл мәселені Құрылтайда талқылайтын боламыз. Қандай шешім қабылданғанын айтамыз", – деді бірінші вице-министр.

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева да бұл мәселе 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын талқылау кезінде қаралатынын айтты.

Савельеваның айтуынша, бюджет туралы заң жобасының бірінші оқылымы 14 қазанға жоспарланған. Оған дейін бюджет шығыстары, кірістері және негізгі параметрлері талқыланады.

"14 қазаннан кейін салыстырмалы кестені талқылауға көшеміз. Құрылтай депутаттары ең төменгі жалақыға қатысты мәселені көтеріп жатыр. Оны 14 қазаннан кейін қарайтын боламыз", – деді ол.

Осылайша, 2027 жылдан бастап Қазақстандағы ең төменгі жалақының нақты мөлшері әзірге бекітілген жоқ. Соңғы шешім республикалық бюджет жобасын талқылау барысында қабылдануы мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау