69 жасөспірім есірткі қылмысына күдікпен ұсталды. ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
ІІМ есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын еске салды.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері полиция жасөспірімдер арасындағы есірткі қылмысының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы бағытта тәжірибелі ұстаздар, психологтар мен нарколог-дәрігерлердің қатысуымен 16 мың профилактикалық кездесу өткізілген.

ІІМ өкілдері есірткі бизнесіне жасөспірімдердің тартылуы алаңдатарлық жағдай екенін атап өтті.

ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта елімізде есірткі қылмыстарына байланысты 69 жасөспірім ұсталған. Оның ішінде:

  • 40 жасөспірім – есірткі өткізді деген күдікпен;
  • 27 жасөспірім – есірткіні аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен;
  • 2 жасөспірім – есірткі жарнамалады деген күдікпен ұсталған.

Ұсталғандардың 52-сі ұл, 17-сі қыз.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов ата-аналарды балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударуға шақырды.

Маманның айтуынша, жасөспірімнің ақшасы көбейіп, қымбат заттар сатып алуы, телефонындағы хаттарын жасыруы немесе түрлі скриншоттар жасауы ата-аналар үшін ескерту белгісі болуы мүмкін.

"Егер балаңыздың ақшасы көбейіп, қымбат зат сатып алса, телефонындағы хаттарды жасырып, әртүрлі скриншоттар жасаса – бірден қауіптеніңіз. Өйткені, оларға қосымша жұмыс ұсынғандардың артында есірткі сататындар тұрады", – деді Бақытжан Әмірханов.

Оның айтуынша, ата-аналар баласының кімдермен араласатынына, бос уақытын қалай өткізетініне және әлеуметтік желілерде қандай аккаунттарға жазылғанына да назар аударуы керек.

ІІМ есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын еске салды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау