USD: 464.3 / 466.9
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.35 / 5.47
Толығырақ
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

"Қажылыққа апарамыз". Instagram арқылы 37 адамды алдағандар 4 жылға сотталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Әрқайсысы 4 жылға сотталды.

Астана қаласының екі тұрғыны Instagram әлеуметтік желісі арқылы Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыруды ұсынып, ондаған адамды алдағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Астана прокуратурасы. 

Тергеу мәліметінше, күдіктілер алдын ала сөз байласып, әлеуметтік желіде қажылық турларын жарнамалаған. 

"Қылмыскерлердің уәдесіне сенген қажылыққа барам деген 37 азамат оларға жалпы көлемде 60 млн теңге ақша қаражатын тапсырған.  Алайда айыпталушылар өз міндеттемелерін орындамай, жәбірленушілерден алған қаражатты жеке мақсаттарына жұмсаған", – делінген хабарламада. 

Сот үкімімен екі айыпталушының әрқайсысына 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап-арыздары толық қанағаттандырылды.

Қазір сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау