Тікелей эфир

2023 жылы ауыл тұрғындарына берілетін микронесие саны 15 мыңға дейін артуы мүмкін

Несие сомасы: 2,5-8 мың АЕК аралығы.

Ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны ауқымын арттыру мақсатында Қазақстанда 2023 жылы 11 606 микронесие беріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

Алайда, премьер-министрдің айтуынша, бюджетті нақтылау үшін жасалған скрининг барысында ауылдардың микронесиеге деген қажеттілігі аталған мөлшерден артқан. Атап айтқанда, облыстардың әкімдіктері 2023 жылға 15 090 микрокредит беру жоспарымен жалпы сомасы 73,8 млрд теңге қажеттілікті мәлімдеген. Соған орай, қосымша қаржы бөлу мәселесі республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралады.


Оқи отырыңыз: 


Микрокредит 5 жыл мерзімге, ал жоба мал шаруашылығына қатысты болса, 7 жылға беріледі. Несие мөлшері: 2,5-8 мың АЕК аралығы. Жылдық пайыздық мөлшерлемесі: 2,5%-дан артық емес.

  • Несиеге келесі санаттарға жататын азаматтар ие бола алады:
  • кәсібі бар және кәсіпті жаңа бастаған шаруалар;
  • зейнет жасына жетпей жұмыстан қысқарған адамдар;
  • жеке кәсіпкер ретіндей тіркелмеген бірақ өз бетінше тауар өндіру не өткізу, қызмет көрсету жұмыстарымен айналысатын адамдар;
  • отбасылық кәсіпте ақы төленбейтін қызмет атқарушылар;
  • жеке шаруашылығында сату мақсатында өнім өндіретін, табысы күнкөріс минимумынан төмен адамдар;
  • табысы күнкөріс минимумынан төмен, өндірістік кооператив мүшесі болып табылатын адамдар.

Аталған жобаны жүзеге асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 52,4 млрд теңге қарастырылған болатын. Еске салайық, бастапқы жоба бойынша, бағдаралам аясында 2024 жылы 12 мыңнан астам ауыл тұрғынына 74,6 млрд теңге көлемінде микронесие, ал, 2025 жылы шамамен 76,7 млрд теңге микронесие беру жоспарланған еді

Серіктестер жаңалықтары