Прямой эфир Новости спорта

2023 жылы "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына қатысу мүмкін бе?

Қазіргі уақытта мақұлданған несиелер сомасы бағдарлама бюджетінен асып кеткен.

"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасына бөлінген қаражат 2023 жылдың ішінде толық игеріледі. Бұл туралы Ұлттық банк Krisha.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

"Қазіргі қарқынды ескере отырып, мақсатты қаражат 2023 жылға дейін игеріледі деп болжауға болады",  – деп жазылған жауапта.

Ұлттық банктің болжамынша, бұл пәтерлерге деген сұранысқа, төлем қабілетіне және жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлеміне байланысты.


Оқи отырыңыз:


Айта кетейік, бағдарламаның аяқталу мерзімі бекітілмеген. Ол 1 трлн теңге қаражат толық игерілгенге дейін жалғасады.

Алайда, қазіргі уақытта мақұлданған несиелер сомасы бөлінген қаражаттан асып кеткен. Қазақстан тұрақтылық қорының хабарлауынша, 20 қазандағы жағдай бойынша, жалпы сомасы 1,3 триллион теңгеге жуық сомаға 93,9 мыңнан астам несие мақұлданған.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары