Тікелей эфир

7-20-25 бағдарламасы аяқталуға жақын. Үкімет ұсынған жаңа ипотека шарттары қандай?

Қарыз сомасының бір бөлігін мемлекет субсидиялайды.

Қазақстанда жылдық мөлшерлемесі 12,5 пайыздық жаңа ипотека шарттарының жобасы жарияланды. Азаматтар 27 қазанға дейін "Ашық НҚА" порталында өзгертулер мен толықтырулар енгізілген бұйрықты талқылай алады. 

Жаңа ипотекалық бағдарлама басқа бағадарламалардың жабылып, бөлінген ақшаның аяқталуға жақын қалған соң әзірленді. "Баспана Хит" жабылды, ал "7-20-25" бағдарламасының лимиті 1 трлн теңгеге жетіп қалды. Жыл соңына қарай ол да аяқталуы мүмкін. Сол себепті банктерде ипотекалық несиелеудің қолжетімді бағдарламалары болмағандықтан, үкімет жаңа ипотеканы субсидиялау туралы шешім қабылдаған.

Жаңа ипотека шарттары

Жаңа ипотеканың жылдық мөлшерлемесі бұрынғы қолжетімді бағдарламаларға қарағанда жоғары болып отыр.

Несиелеу шарттары:

  • Мөлшерлеме – 12,5 %;
  • бастапқы жарна – 20 %;
  • несиелеу мерзімі – 20 жыл; 

Қарыздың ең көп сомасы:

  • Астана мен Алматыда – 35 млн теңгеге дейін;
  • Ақтау, Атырау, Шымкентте – 25 теңгеге дейін;
  • Қарағандыда – 20 млн теңгеге дейін;
  • басқай аймақтарда – 15 млн теңге.

Мысалға алсақ:

  • пәтер бағасы – 35 млн теңге;
  • бастапқы жарна – 7 млн теңге;
  • ипотека сомасы – 28 млн теңге;
  • ай сайынғы төлем – 308 мың теңге;
  • жалпы шығын – 81 млн теңге;
  • артық төлем – 46 млн теңге;
  • отбасының жалпы кірісі айына 617 мың теңгеден кем болмауы керек.

Оқи отырыңыз: Жаңа ипотека: Қазақстандық отбасылардың цифрлық портреті жасалады


Сатып алуға болатын пәтерлер:

  • Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының кепілдігімен салынып жатқан тұрғын үй;
  • банкпен шарт жасасқанға дейін кемінде алты ай бұрын пайдалануға берілген бастапқы тұрғын үй.

Жобаны әзірлеушілер үлестік тұрғын үйді сатып алу азаматтарға тиімді деп есептейді, өйткені салынып жатқан үй дайын үйге қарағанда 30 пайызға арзан.

Жаңа ипотека бойынша қарыздың бір бөлігі субсидияланады

Субсидия. Мемлекет бірыңғай оператор арқылы банктің сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтейді. Сонымен бірге, оның мөлшері Ұлттық банктің 5%-дық базалық мөлшерлемесінің деңгейінен аспауы керек. Қазір Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 14,5 пайызды құраса, оған 5 пайызды қосқанда 19,5% шығады. Бұл екінші деңгейлі банктердің ең жоғарғы мөлшерлемесі болады. 19,5% мөлшерлеменің 7 пайызын мемлекет субсидиялайды. Сонда азаматтар 12,5 пайыздық ипотекалық несие ала алады. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін қарыз алушы өзі төлейді.


Оқи отырыңыз: Әкімдіктен – 5 пайыздық ипотека. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына шолу


Қарызды субсидиялау үшін міндетті шарттар:

  • Тұрғын үйді соттан тыс сату туралы келісімнің болуы;
  • Ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу ай сайынғы аннуитеттік немесе сараланған төлемдермен және екінші деңгейлі банктің ішкі қағидаларына сәйкес есептелген қарызды өтеудің өзге де әдістерімен әр айдың 10-ында жүзеге асырылады. Төлем күні демалыс не мереке күніне түссе, одан кейінгі жұмыс күні төлеу керек;
  • субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі – 10 жыл, бірақ ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредит беру мерзімінен аспайды;
  • қарыз алушы банкке өзі туралы кез келген мәліметтерді беруге, сондай-ақ шарт шеңберінде Қарыз алушы туралы алынған мәліметтерді жария етуге (оның ішінде банктік құпияны) келісімін береді.
  • Екінші деңгейлі банк тұтынушылық мақсаттарға берген ипотекалық қарыздар, қарызды қайта қаржыландыру, тұрғын емес жылжымайтын мүлік, жер учаскесін сатып алу субсидиялауға жатпайды;
  • Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша сыйақыны есептеу кезінде жылына 360 күнге және айына 30 күнге тең уақытша базалар пайдаланылады.

Қажет құжаттар

Қарыз алушы пәтерді сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға арналған құжаттарды және субсидия алуға өтінішті ұсынады. Екінші деңгейлі банк қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалауды және кепілмен қамтамасыз етуді бағалауды жүргізеді. Ипотекалық тұрғын үй қарызын беру туралы оң шешім шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бірыңғай операторға келесі сканерленген құжаттарды өткізу қажет:

  • ипотекалық тұрғын үй қарызын алуға өтініштер;
  • қарыз алушының сауалнамасы;
  • субсидия алуға өтініштер;
  • қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжат;
  • ипотекалық тұрғын үй қарызын беру жөніндегі шешімнен үзінді көшірме;
  • сатып алынатын жылжымайтын мүлікке және қосымша кепілді қамтамасыз ету ретінде ұсынылатын жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары (бар болса);
  • заңды тұлғалардың тұрғын үйді құрылыс салушыдан (тапсырыс берушіден) өткізу құқығын растайтын құжат;
  • пәтер құнының кемінде 20% мөлшерінде қаражатының бар екенін растайтын құжаттар, немесе ол соманы сатушыға төлеу;
  • жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар.

Оқи отырыңыз: 

Серіктестер жаңалықтары