Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 26 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
22.35. Коронавирус жұқтырғандар саны – 727:
- Нұр-Сұлтан – 223;
- Алматы – 119;
- Қызылорда облысы – 85;
- Қарағанды облысы – 55;
- Жамбыл облысы – 45;
- Ақмола облысы – 43;
- Атырау облысы – 36;
- Түркістан облысы – 34;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
- Шымкент – 23;
- Ақтөбе облысы – 11;
- Алматы облысы – 10;
- Шығыс Қазақстан облысы – 6;
- Маңғыстау облысы – 6;
- Қостанай облысы – 3;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Павлодар облысы – 1.
Жазылғандардың жалпы саны – 54.
Көз жұмғандар – 7.
23.15 – Қызылорда облысында 22.35-те тіркелген науқастың барлығы – Шиелі ауданының тұрғындары. Науқастардың:
- үшеуі – ер адам;
- алтауы – әйел адам.
Ең жасы 2012 жылғы, ең үлкені 1944 жылы туған. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыс жасағандықтан, карантиндік стационарға орналастырылған.
22.35 – Коронавирус жұқтырған тағы 9 адам Қызылорда облысында тiркелді. Осы сағатта Қазақстан бойынша жалпы саны 727 адам тіркелді.
21.40 – Алматы полицияcы карантин кезіндегі тәртіпті сақтау мақсатында қоғамдық көліктің жолаушыларын тексеріп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
Полиция инспекторлары планшет арқылы азаматтардың КВИ-мен күрес жөніндегі жедел штабтың бірыңғай тізімінде бар-жоғын анықтайды.
Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар қалай жерленеді? Министр бұйрығы, ҚМДБ пәтуасы және шетел тәжірибесі
21.15 – Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам тiркелдi:
- Қызылорда облысы – 4 адам;
- Шымкент – 3 адам;
- Нұр-Сұлтан – 1 адам;
- Түркістан облысы – 1 адам.
17.01 – Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 216 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Қазірге дейін әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 688 131 азаматтан барлығы 2 755 866 өтініш келіп түскен.
16.10 – Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 1 науқас сауығып, ауруханадан шықты.
Жалпы, бүгін сағат 15.30 дейін Қазақстанда 54 адам ауруханадан үйіне оралды.
Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап
15.11 – Сovid-19 вирусын жұқтырып, көз жұмған Ақмола облысының 1929 жылғы тұрғынының артериялық гипертензия, ортан жілік мойнының сынығы (2016 жылдан бастап), ДЭП синдромы, Паркинсионизма, жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия кернеуі және созылмалы бронхитпен ауырғаны белгілі болды.
9 сәуірде қазақ тілінде өтетін 1-11 сыныптарға арналған BALAPAN телеарнасындағы бейнесабақтар кестесі
14.17 – Медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы тиісті ауруханаларға аударылды.
Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы коронавирусқа қарсы күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу үшін ауруханаларға ақша аударды. Жалпы алғанда, 30 мыңнан астам медицина қызметкері қосымша төлем алады.
Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі жағдайында қорқынышты қалай жеңуге болады? Психоаналитик кеңесі
13.47 – Қызылорда облысындағы бүгін тіркелген 3 науқас – Cырдария ауданы, Амангелді ауылының тұрғындары. Олар коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған.
13.45 – Қазақстанда Covid-19 вирусын жұқтырған тағы 5 адам тiркелдi:
- Қызылорда облысы – 3 адам;
- Ақмола облысы – 1 адам;
- Маңғыстау облысы – 1 адам.
Ақмола облысында коронавирус жұқтырған 1929 жылғы науқас көз жұмды.
13.32 – Алматыда 2 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстан бойынша жазылғандар саны 53-ке жетті.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 42500.enbek.kz сайтында өтініш беруге болады
12.53 – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкерлері осы аптаның соңына дейін үстеме ақысын алады" деп хабарлады.
12.36 – Елордада 700-ге жуық медицина қызметкерлері қонақүйлерге жатқызылып, үш мезгіл тамақ және таситын көлікпен қамтылған. Нұр-Сұлтандағы Covid-19 жұқтырған ақ халаттылар саны – 31.
12.12 – Елордада вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 222-ге жетті. Қазірге дейін жазылып шыққан адамдар саны – 28. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова хабарлады.
Қазір ауруханаларда 493 науқас ем алып жатыр, оның 203-і коронавирустан емделушілер, оның ішінде 10 науқас – Ақмола облысының тұрғындары. 5 науқастың жағдайы өте ауыр, оның үшеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: Карантин бізге неге керек?
11.29 – Алматыда Е-Polisia KZ атты мобильді қосымша әзірленді. Оның көмегімен ЖСН және көліктің нөмірі арқылы қала ішінде қозғалуға рұқсат берілген-берілмегенін тексеруге болады. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап барлық қағаз түріндегі рұқсатнамалар мен анықтамалар талап етілмейтін болды.
Е-Polisia KZ қосымшасы әзірге Android платформасында ғана қолжетімді.
11.24 – Жамбыл облысында 9 сәуірден бастап карантин жарияланады.
09.45 – Атырау облысында коронавирус жұқтырған 3 адамның екеуі атыраулық болса, бірі Жылыой ауданынан. Үшеуі де бұрын коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған. Науқастардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық.
Оқи отырыңыз: Telegram желісінде 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға арналған Help42500 боты іске қосылды
09.35 – Қызылорда облысында тіркелген коронавирус жұқтырған 3 адамның мән-жайы белгілі болды. Олар Сырдария ауданында анықталған. Бәрі де бұған дейін коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған болатын.
09.20 – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді" мақаласы арқылы ел халқына үндеу жолдады.
"Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр. Жағдайды оңалту үшін көп жұмыс істелді, әлі де талай шаруа атқарылатын болады. Игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсеткеніміз жөн" деп жазды Елбасы.
Толығырақ: "Бірлесе білген ел бәрін жеңеді". Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласының толық мәтіні
09.00 – Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тiркелдi:
- Атырау облысы – 4 адам;
- Қызылорда облысы – 3 адам.
Қазақстан бойынша жалпы саны – 704 адам.