Ол үшін Telegram мессенджеріне кіріп, мына сілтеме арқылы өтіп, "Start" батырмасын басу қажет, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат үшін:
- "Өзін-өзі жұмыспен қамтушы" батырмасын басу;
- Өзінің ЖСН енгізу;
- Электронды пошта адресін енгізу;
- Телефон нөмірін енгізу;
- Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
- Өтінішті растау;
- Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
- сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
- сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
- сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға 42500.enbek.kz сайтында өтініш беруге болады
Қызметкер үшін:
- "Қызметкер" батырмасын басу;
- ЖСН енгізу;
- Жұмыс істейтін ұйымның БСН-ын енгізу;
- Электронды пошта адресін енгізу;
- Телефон нөмірін енгізу;
- Банктік шот нөмірін енгізу (IBAN);
- Өтінішті растау;
- Бұдан кейін келесі мазмұнда хабарламалар келеді:
- сіздің өтініміңіздің қабылданғандығы туралы;
- сіздің өтініміңіздің тіркеу нөмірі;
- сіздің өтініміңіздің өңделгені туралы жауап.