Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 54 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
23.59. Коронавирус жұқтырғандар саны – 4 422
- Алматы – 1 394;
- Нұр-Сұлтан – 828;
- Атырау облысы – 229;
- Қызылорда облысы – 222;
- Шымкент – 222;
- Батыс Қазақстан облысы – 208;
- Алматы облысы – 176;
- Қарағанды облысы – 175;
- Ақтөбе облысы – 172;
- Жамбыл облысы – 168;
- Түркістан облысы – 162;
- Павлодар облысы – 152;
- Ақмола облысы – 101;
- Маңғыстау облысы – 96;
- Қостанай облысы – 54;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 33.
- Шығыс Қазақстан облысы – 30;
Жазылғандардың жалпы саны – 1 408.
Көз жұмғандар – 30.
23.59 – 6 мамырда коронавирус жұқтырған 217 адам анықталды. Алматыда бір адам көз жұмса, 129 адам сауығып шықты.
23.50 – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған үш адам туралы:
1983 жылғы Ресей азаматы –"Омск ‒ Қостанай" бағытында келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі 21 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысына келіп, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның, Червонное ауылында тұратын ата-анасының үйіне тоқтаған. Шекарадан өту кезінде одан анализ алынып, зертханалық зерттеулердің нәтижесі теріс болды. 22 сәуірден 5 мамыр аралығында үй карантинінде болды. 5 мамыр күні ер азаматтың қалтырау, жөтел, дене қызуының 37 градусқа көтерілуіне шағымы болды. Ол жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылып қайта тексерілді, 6 мамырда Covid-19 жұқтырғаны анықталды.
Жедел түрде науқаспен бірге тұрған 1956 жылғы әкесі, 1959 жылғы анасы тексерілді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері олардың да коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Отбасы қазір аудандық жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған. Пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық.
23.30 – Коронавирус жұқтырған 78 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 60;
- Алматы – 2;
- Жамбыл облысы – 5;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 3,
- Атырау облысы – 3;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Ақтөбе облысы – 4.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 4 422 адам анықталды
21.40 – 21 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 3;
- Алматы – 10;
- Шымкент – 2;
- Атырау облысы – 1;
- Түркістан облысы – 5.
Қазақстанда барлығы 1408 адам емделіп, сауығып шықты.
Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап
21.30 – Әуе компанияларына қойылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жеңілдетілді. 7 мамырдан бастап жолаушылар ұшақта әрбір бір бос орыннан кейін отыруы керек деген шектеу алынып тасталады. Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов алғашқы ұшып келген жолаушылардың арасында коронавирус ешкімде тіркелмегенін мәлімдеді. Осы жағдайды ескере отырып, жолаушыларды отырғызу жөніндегі талап өзгертіліп, ішкі рейстерде ұшаққа адамдарды толық отырғызуға рұқсат етілді. Жолаушылардан коронавирус жоқтығы туралы анықтаманың болуы әзірге міндеттеледі.
20.15 – Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 адам туралы:
Вирус жұқтырған адамдар Іле, Талғар, Кеген, Еңбекшіқазақ аудандарында тіркелді. 13 адамның оны коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған, ал үшеуіі скринингтік тексеру барысында анықталды. Олар жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған.
20.00 – Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:
Вирус жұқтырған азамат 1940 жылы туған облыс орталығының тұрғыны. Ол созылмалы респираторлық аурумен ауыратындықтан жоспарлы түрде тексерілді. Жүргізілген зертханалық талдау нәтижесі вирус жұқтырғанын көрсетті. науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге әлеуметтік төлем алғандар жауапқа тартыла ма? Министр түсіндірмесі
19.00 – Алматыда қайтыс болған науқас туралы:
1952 жылғы науқас ұзақ уақыт бойы артериялық гипертензия, жалғыз бүйректің созылмалы пиелонефриті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы секілді ауыр созылмалы аурулармен ауырған. 1-топтағы мүгедек. Жүргізілген емге қарамастан, жай-күйі үдемелі түрде нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратында болды.
Қорытынды диагноз: расталған Covid-19, ауыр ағым және жоғарыда аталған қосымша аурулар.
18.40 – Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған бес адам туралы:
ББесеуі де – "ТеңізШевройл" мекемесінің қызметкерлері. Вахтадан келген бойда олар бірден Ақтаудағы обсервациялық стационарға жатқызылды. Сынама қорытындысымен Covid-19 нақтыланды.
- 1998 жылғы ер адам. Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылының тұрғыны;
- 1965 жылғы ер адам. Ақтау қаласының тұрғыны;
- Түпқараған ауданы, Сайын-Шапағатов аулының тұрғыны. 1998 жылғы ер адам;
- Түпқараған ауданы, Ақшұқыр аулының тұрғыны. 1976 жылғы ер адам;
- 22 жастағы әйел адам. Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының тұрғыны.
18.35 – Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 7 адам туралы:
Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандарды тексеру кезінде Арыс қаласының 1969, 2011, 2009, 2014 жылғы тұрғындарынан, Кентау қаласының 1990 жылғы, Түркістан қаласының 1994 жылғы тұрғынынан табылды. Қазығұрт ауданының 1967 жылғы азаматшасынан алынған сынама да оның вирус жұқтырғанын көрсетті.
Оқи отырыңыз: Коммуналдық қызметтер үшін кімдерге 15 мың теңгеден беріледі?
18.30 – Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған алты адам туралы:
Теміртауда тұратын 1997, 1984, 1986 жылғы ер адамдар, 1993 жылғы әйел адам және 2015, 2018 жылғы екі баладан Covid-19 анықталды.
Қарағанды облысында вирус жұқтырған 175 адам анықталған, оның ішінде 3 адам көз жұмған. 82 пациент жазылып шықты.
18.20 – Коронавирус жұқтырған 46 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 14;
- Алматы облысы – 13;
- Маңғыстау облысы – 5;
- Түркістан облысы – 7;
- Жамбыл облысы – 1;
- Қарағанды облысы – 6.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 4 344 адам анықталды.
17.50 – 88 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 5;
- Алматы – 36;
- Шымкент – 7;
- Қызылорда облысы – 4;
- Ақтөбе облысы – 1;
- Батыс Қазақстан облысы – 18;
- Маңғыстау облысы – 1;
- Атырау облысы – 3;
- Жамбыл облысы – 1;
- Қарағанды облысы – 3;
- Шығыс Қазақстан облысы – 1;
- Павлодар облысы – 7;
- Қостанай облысы – 1.
Қазақстанда барлығы 1387 адам емделіп, сауығып шықты.
Оқи отырыңыз: Медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақы. Маңызды 10 сұраққа жауап
17.15 – Алматы полициясы карантинге қатысқан, тәулік бойы қызметте жүрген медицина қызметкерлері мен әскери қызметкерлерге ән арнады, деп хабарлайды Polisia.kz.
17.10 – Үй карантинінде болған қазақстандықтардың 29%-ы оны бұзған. Сәуірде бұл көрсеткіш 4%-дан аспаған.
17.05 – Сәуірде төтенше жағдай кезінде қазақстандықтарға азық-түлік сатып алу үшін 5,3 млрд теңге аударылды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
"6 мамырдағы жағдай бойынша 960 мың адам жалпы сомасы 5,3 млрд теңгенің азық-түлік пен тұрмыстық жиынтығы төлемін алды. Наурызда жалпы сомасы 1,5 млрд теңге төлем 266 мың адамға берілді", – делінген хабарламада.
17.00 – Атырау облысында коронавирус жұқтырған үш адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Тағы үш науқастың жағдайы ауыр, олардың екеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
16.55 – Қазақстанда өткен үш күндегі көрсеткіш бойынша коронавирус жұқтыру өсімі 4%-дан аспады.
16.02 – Алматыда 1952 жылғы азамат коронавирустан көз жұмды. Қазақстанда Covid-19 кесірінен барлығы 30 адам қайтыс болды.
15.50 – Қазақстанда коронавирусты емдеу кезінде ДССҰ ұсынған дәрі-дәрмектер қолданылады. Дәрі-дәрмектер емдеу хаттамаларына сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген барлық клиникалық сынақтардан өткізілген.
Оқи отырыңыз: "Көмек, қолдау сұрауға арланбаңыз". Дәрігерлерге арналған 84 практикалық кеңес. ІІ бөлім
15.40 – 6 мамырда Алматыда 7268 кіреберісті (2682 үй) дезинфекциялау және 1345 аула аумағын залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа құрамында 437 адам бар 60 бригада қатысты.
15.30 – Қазақстандағы коронавирус жағдайы:
4298 адам жұқтырды. Сауығып шыққан – 1279 науқас. 2897 адам стационарда емделіп жатыр: 85%-ының жағдайы – қанағаттанарлық, 14% – орташа ауырлықтағы пациенттер, 25 пациент – ауыр жағдайда, алты науқастың жағдайы өте ауыр. 7 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Эпидемия кезеңінде байланыста болған 59 204 адамның 98%-ы оқшауланған.
Жұқтырғандарыдң 57%-ы халықтың белгілі бір топтарына скринингтік зерттеулер жүргізгенде, 36% – медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды. 7,2% – тасымалданған.
14.50 – Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған екі адам туралы:
Актау қаласының екі тұрғыны – Астраханьнан Ақтау қаласына келген 1999 жылғы қыз бала және 2000 жылғы ер жігітте коронавирус анықталды. Обсервациялық стационарға санитарлық дәрігерлердің қадағалауымен жатқызылды.
Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған 90 адам тіркелген.
Оқи отырыңыз: Пандемия және Қазақстандағы эпидемия дедлайны. Сингапур ғалымдарының болжамы қандай?
13.55 – "Теңіз" кентінде тағы 15 адамнан Covid-19 анықталды. Он ер адам мен бес әйел адам. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Атырау облысында коронавирус жұқтырған 226 адам тіркелді. Оның ішінде 160 адам "Теңізде" жұқтырған.
12.40 – Қостанай облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:
Ресейден келген 2001 жылғы студент қыздан коронавирус табылып, Қостанай облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Автобуста бірге келген адамдар медициналық бақылауға алынды. Тауысқандарымен және жақындарымен тікелей байланыс орнатпаған.
Қостанай облысында коронавирус жұқтырған 54 адам тіркелді.
12.27 – Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған бес адам туралы:
Бір адам скринингтен анықталса, төртеуі коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болған. Соңғы тәулікте барлығы 553 зертханалық сынама алынған. 22 сәуірден бері Covid-19 барлығы 73 науқастан анықталған:
- медицина қызметкері – 12;
- жабық мекемелерде скрининг жүргізгенде – 2;
- қарым-қатынаста болған – 43;
- вахталық жұмыстан келген – 7;
- блок бекеттерде тоқтатылып, тексеру барысында анықталған – 3;
- медицина ұйымдарындағы фильтр кабинеттерінен тұмау, пневмония белгілерімен шағымданған – 5;
- Ресейден келген студент – 1.
Оқи отырыңыз: Төтенше жағдай кезінде тұрмыстық зорлық 4 есе көбейген. Агрессорларды ашудан арылтудың жолы бар ма?
12.25 – Коронавирус жұқтырған 21 адам тіркелді:
- Шымкент – 6;
- Қызылорда облысы – 4;
- Қостанай облысын – 1;
- Маңғыстау облысы – 2;
- Атырау облысы –3;
- Батыс Қазақстан облысы – 5.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 4 298 адам анықталды.
12.05 – Маңғыстау облысында коронавирус анықталған үш адам туралы:
Үшеуі де Бейнеу ауданының тұрғындары. Бірінші науқас – "ТеңізШевройл" мекемесінде жұмыс істейтін 1983 жылғы ер адам. Вахтадан келген науқас бірден карантинге жатқызылып, сынама алынды. Ал 1992 және 1985 жылғы әйел адамдардың вирусты қайдан және қалай жұқтырғаны анықталып жатыр. Үш науқас та Бейнеу аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды.
Маңғыстау облысында барлығы 88 адамнан коронавирус анықталды.
12.00 – Атырау облысында Махамбет ауданында тұратын 8 жасар қыз, Индир ауданында тұратын 24 жастағы жүкті әйел және 4 мамырда Астраханьнан келген студент коронавирус жұқтырған.
11.55 – Қостанай облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қазақстаннан Ресейге бет алған жүк көлігін тексеру кезінде алынған 906 732 медицина маскасын облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырды. Жүргізушіде жүктің шығу заңдылығын растайтын құжаттар болмаған. Залал шамамен 27,7 млн теңгені құрайды. Қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Мектепте тарих пәнін медицина тарихын оқытудан бастау керек
11.48 – 20 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
- Нұр-Сұлтан – 5;
- Алматы – 9;
- Шымкент – 4;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1;
- Алматы облысы – 1.
Қазақстанда барлығы 1299 адам емделіп, сауығып шықты.
11.40 – Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған бес адам туралы:
2015 жылғы баладан, 1946 жылғы ер адамның және 1950, 1951, 1949 жылғы әйел адамдардан Covid-19 анықталды. Олардың бәрі жұқтырған науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандықтан медициналық бақылауға алынған. Олар облыстық жұқпалы аурулар стационарының бокс палатасына жатқызылды, науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған барлығы 168 адам тіркелген.
10.50 – 5 мамырдағы жағдай бойынша, Алматыда барлығы 1353 адамның 92% қауіпті топ өкілдерін ауқымды профилактикалық тестілеу барысында анықталды. Соңғы 7 күнде алматылықтардың жұқтыру динамикасы 6% деңгейінде.
Алматыда алты зертханада 2 мыңнан астам тест сынама алынып жатыр. Қалада барлығы 77 мың тест өткізілді, оның ішінде 55 мың ПТР және 22 мың экспресс-тест. Контингенттің арасында негізінен медицина қызметкерлері (19 мың), жедел жәрдем, құқық қорғау органдары мен т.б. қызметкерлері бар.
Инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан бір пациенттің жағдайы өте ауыр, 34 – ауыр, 289 – ауырлығы орташа және қалғандары – қанағаттанарлық.
10.10 – Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған адам туралы:
Теміртауда 1970 жылғы ер адам пневмониямен қалалық орталық аурухананың пульмонология орталығына жатқызылған. ПТР талдау жүргізіліп, Covid-19 анықталды.
Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 169 адам анықталды, оның ішінде үш науқас көз жұмса, 79 адам жазылып шыққан.
Оқи отырыңыз: "Еліміз бұл қиындықтан шыңдалып шығады". Президент сұхбатындағы 11 өзекті мәселе
09.55 – 5 мамырдағы жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясының 126 ошақ аймағы тіркелген. Жалпы 291 ошақ аймағынан шектеу шаралары алынып тасталды, соның бесеуі соңғы тәулікте алынған.
09.45 – Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған төрт адам туралы:
Бір адам – 1993 жылғы Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін Түркістан облысының тұрғыны, үшеуі – жүк тасымалымен айналысатын 1987, 1976 және 1963 жылғы Тәжікстан және Қырғызстан елдерінің азаматтары.
"Сырым" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте олардың қызуы өлшеніп, экпресс диагностика вирус жұқтырғанын көрсетті. Жедел жәрдеммен карантиндік және провизорлық стационарларға жеткізілді. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында Covid-19 нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
БҚО-да коронавирус жұқтырған 203 адам тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар – 41.
09.25 – Коронавирус жұқтырған 72 адам тіркелді:
- Нұр-Сұлтан – 22;
- Алматы – 20;
- Атырау облысы – 14;
- Ақтөбе облысы – 5;
- Батыс Қазақстан облысы – 4;
- Маңғыстау облысы – 3;
- Жамбыл облысы – 2;
- Қызылорда облысы – 1;
- Қарағанды облысы – 1.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған жалпы 4 277 адам анықталды.
Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық 5 шараны тұрақты істеуге кеңес береді:
- қол мен бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- қолға арналған спирттік антисептиктерді қолдану;
- көп адам жиналған орындардан аулақ болу;
- науқас адамдармен байланысқа түспеу;
- салқын тию белгілері (дене қызуының көтерілуі, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болғанда міндетті түрде дереу үйге жедел жәрдем шақыру қажет.