27 мамыр. Коронавирус жұқтырғандар саны – 9 576
- Алматы – 2 378;
- Нұр-Сұлтан – 1 820;
- Атырау облысы – 959;
- Қарағанды облысы – 754;
- Шымкент – 730;
- Батыс Қазақстан облысы – 493;
- Жамбыл облысы – 362;
- Түркістан облысы – 354;
- Қызылорда облысы – 324;
- Алматы облысы – 319;
- Ақтөбе облысы – 304;
- Павлодар облысы – 192;
- Маңғыстау облысы – 177;
- Ақмола облысы – 149;
- Қостанай облысы – 136;
- Шығыс Қазақстан облысы – 74;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 51.
Жазылғандардың жалпы саны – 4 768.
Көз жұмғандар – 37.
Мемлекет басшысы дәрігерлердің жалақысын арттыруды тапсырды
Мемлекет басшысы үкіметке биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын біртіндеп арттыруды тапсырды. Енді дәрігерлердің еңбекақысы экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болуға тиіс. Үкімет бұл көрсеткіштерге 2023 жылға қарай қол жеткізуі керек.
"Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемде денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Бұл індет елімізде кәсіби дәрігерлердің жетіспеушілігі мәселесінің бар екенін көрсетті. Бұған себеп — төменгі жалақы, осы мамандықтың беделінің төмендігі және медицина қызметкерлерінің құқықтарының қорғалмауы", – деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚСК отырысында.
Дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қайта қаралуы керек
Мемлекет басшысы соңғы кезде қоғамда қазақстандық медицина туралы жағымсыз пікірлер көп айтылып жүргенін сөз етті. Оның айтуынша, медицина қызметкерлері өз міндетін орындау барысында жасаған қателігі үшін тартылатын қылмыстық жауапкершіліктің қаншалықты орынды екеніне сыни көзбен қарап көрген жөн.
"Соңғы кездері дәрігерлердің заңсыз, әділетсіз қудаланған оқиғалары жиі қайталанып жүр. Менің ойымша, осы мәселені қайта қарастырғанымыз жөн. Медицина қызметкерлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту қаншалықты орынды? Тергеу барысында дәрігер немқұрайлылығының деңгейін анықтап-білу өте қиын", – деді Тоқаев.
Оның сөзінше, қазірдің өзінде қаншама дәрігерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Клиникалық зерттеулер жүргізу тәртібінің бұзылғаны үшін қылмыстық жазаға тарту мәселесін қайта қарастыру қажет. Өйткені жазаға тартылу қаупі медицина қызметкерлерінің ғылымнан бас тартуына себеп болуы мүмкін.
"Әрине, жоғарыда айтқандарым дәрігерлерді адам өмірі мен денсаулығы алдындағы жауапкершіліктен босатпайды. Алайда бұл жауапкершілік қылмыстық емес, әлемнің дамыған елдеріндегідей әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілік болуы тиіс", – деді президент.
Тоқаев коронавирустың қайталануына дайын болуға шақырды
"Мен бұған дейін коронавирустың қайталануына дайын болуымыз керектігін айтқан едім. Еліміздің және көрші мемлекеттердің аумағында табиғи ошақтардың және басқа да қауіпті инфекциялардың болуымен жағдай шиеленісе түсуде. Соңғы кезде қабылданған бірқатар шаралар инфекциялық бақылау бойынша сантитарлы-эпидемиялық жағдайдың босаңсуына әкелді", – деді президент.
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің өкілеттігі артады
"Мұндай реформа жасауға өмірдің өзі итермелеп отыр. Бұл қызметтің мамандарын әлеуметтік қорғау және кадрларды дайындау жүйесі қайта қаралады. Бұған қоса инфекциялық аурулармен күрес саласында шет елдермен ынтымақтастықты одан ары нығайту қажет. Биологиялық қауіпсіздік жүйесі ортақ стандарт бойынша жұмыс істеуге және қатерлерге еларалық өзара іс-қимыл мен қарсы тұру шараларын қамтамасыз етуге тиіс", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Карантин қатаңдауы мүмкін
"Әрине, бұлай болғанын қаламаймыз. Пандемиямен күрес әр азаматқа тәуелді болып отыр. Бұл індет әлі біткен жоқ. Коронавирус толқынды жағдаймен келе жатыр. Карантин жағдайында төмен түседі. Бірақ карантин және шектеу шараларын алып тастасақ қайта көтеріледі. Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүние жүзінде қауіпті жағдай болып отыр. Мұны барлығымыз дұрыс түсінуіміз қажет", – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғандардың неге көбейгенін түсіндірді
Осы күнге дейін тіркелген науқастардың басым бөлігі – 85% жеңіл ауырған, ауру белгілері болмаған. Ал кейбір мемлекеттерде ондай науқастарды есепке алмайды. Қазақстандағы тәртіп бойынша барлық науқас статистикаға енгізілетіндіктен науқастардың саны өскен.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бұл аурудың таралуының алдын алу мақсатында жасалатынын, себебі ондай науқастарды тауып, оқшауласа, эпидемияны тоқтатуға мүмкіндік бар екенін айтты.
"Ауру белгілері жоқ адамдар да инфекцияны басқарларға жұқтырады. Сол себепті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы санаттағы науқастарды оқшаулауға кеңес беріп отыр. Бұрын біз оларды ауруханаға жатқызсақ, қазір мүмкіндік болса, үйінде немесе арнайы карантиндік стационарларға жатқызып, басқалардан алшақ ұстауымыз қажет", – деді ол.
Қазақстанда тіркелген барлық науқастың 13%-і, яғни 543 адам орташа жағдайда болса, 1,5%-і немесе 58 науқас ауыр жағдайда жатыр. 19 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Қазақстан зертханалары тәулігіне 25 мыңға дейін Covid-19 тестін ала алады
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ауруды эпидемиологиялық түрде қадағалауға мүмкіндік беретін профилактикалық тестілеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, президент тапсырмасымен зертханалардың мүмкіндіктері күшейтілгенін хабарлады. Қазіргі таңда зертханалар тәулігіне 25 мыңға дейін тест ала алады, ал бұған дейін зертханалар коронавирус инфекциясына тәулігіне 4 000 тест алудан бастаған еді.
Оқи отырыңыз: 42 500 теңге тағайындалмаған азаматтардың өтініші қайта қаралады. Ол үшін не істеу керек?
Бюрабекова Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасына барды
Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова медицина қызметкерлерінің коронавирусты жаппай жұқтыруына қатысты проблемалық мәселелерді шешу және жол берілген бұзушылықтарды жою жөніндегі комиссияның шешімімен танысу үшін Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасының басшылығымен және медициналық қызметкерлерімен кездесті.
Комиссия мүшелеріне осы жылғы 5-15 мамыр аралығында жүргізілген тексеру қорытындысы хабарланды. Объективтілік үшін тергеу нәтижелері комиссия анықтаған қорытындыларды құқықтық бағалау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Кездесуде вице-министр мен комиссия мүшелері қызметкерлерді тыңдап, сұрақтарға жауап берді.
- өз еркімен 10 қызметкер жұмыстан кеткен;
- 1 маусымға дейін сауығып шыққан 143 қызметкер жұмысқа орналасуын күтіп отыр;
- 1 маусымнан 15 маусымға дейін қалған қызметкерлер жұмысқа шығуға дайын.
Блок бекеттегі көлік апаты: үш лауазымды қызметкер жұмыстан кетті
- Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі К.Е. Сатаев;
- Алматы қаласы ПД Кадр саясаты бөлімінің бастығы, полковник О.С Мырзабеков;
- Жеке құрам инспекциясының бастығы, полиция полковнигі А.О. Ақылбеков;
- Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі М.А.Саттаров;
- Алматы қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі С.О. Көкрекбаев;
- Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.А Нашарбеков.
Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қ.Д. Таймерденовке, оның орынбасары Н.С Алмасбековке, баспасөз қызметінің жетекшісі С. Әзірбекке де қатаң сөгіс берілді.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайтыс болған екі полиция қызметкерінің отбасына пәтер берілетінін айтты.
Бас санитар дәрігер маскасыз жүруге болмайтын орындарды айтты
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бетперде киіп жүру не үшін қажет және карантиннің босаңсуы неліктен осыған байланысты екеніне жауап берді. Адам минут сайын 3-4 рет қолымен бетін ұстайды. Инфекция негізінен осындай жолмен тарайды. Бұл әрекеттер адам еркінен тыс жасалады, сондықтан маска тағуға ерекше назар аударылады.
Жабық орындарға барған кезде:
- дүкендер;
- азық-түлік базарлары;
- азық-түлікке жатпайтын базарлар;
- дәріхана;
- сауда орталықтары;
- адам көп шоғырланатын орындарда маска тағу міндетті.
Алматыда маска тақпағандарға айыппұл салынады
Осы бап бойынша карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынады:
- шағын бизнес үшін – 100 АЕК;
- орта бизнес үшін – 200 АЕК;
- ірі бизнес үшін – 500 АЕК.
Алматыда науқас курсант коронавирусты бүкіл казармаға жұқтырған
"Курсанттардың көпшілігі ауырды. Казармада жатқандардың барлығы ауырып шыққанша вирус тоқтамады. Казармада ауырған бір адамнан басқаларға жұқты", – деді әкім.
Алматыда қайтадан карантин енгізілуі мүмкін
"Екі ай үйде шыдап отырған алматылықтарға алғыс айтамын. Бірақ 2 айда шыдам деген бітті. Төтенше жағдай режимі алынған соң бәрі сыртқа шықты. Әр облыста коронавирус көрсеткіші артып келеді. Олай болса қатаң карантин режимі қайтарылады. Күн өткен сайын ахуалды нашарлатуға болмайды. Бұған әрбіріміз жауапты болғандықтан карантин режимін сақтау керек", – деді ол.
"Көшеге шығуға рұқсат берсек те маска тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек. Үлкен шараларды жасаудың қажеті жоқ. Біз балаларды ауруға шалдығу қатерінен қорғауымыз керек. Жақындарыңыздың да, өзіңіздің де өміріңіз, денсаулығыңыз осыған байланысты. Жауапкершілік жүгін сезіне білу керек", – деді Бақытжан Сағынтаев
Қостанай мен СҚО-да карантин қатаңдауы мүмкін
28 сәуірден бастап Қостанай облысында шектеу шараларын жеңілдетудің 4 кезеңі енгізілді. Алайда мұны көп адам карантин режимін алып тастау деп қабылдаған. Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілері тарапынан шектеу шараларын бұзу анықталды. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге жол жоқ. Коронавирус эпидемиясы әлі жойылмады.
Облыста карантин режимін сақтауды арнайы мамандандырылған 40 топ тексереді. Әрі қарай шектеулер эпидемиялық ахуалға ғана емес, бірінші кезекте карантин режимін сақтауға байланысты жеңілдетіледі. Эпидемиялық жағдай нашарласа, қатаң карантин қайтарылады.
СҚО-да адамдардың жаппай жиналу нысандарына тексеру жүргізіліп жатыр.
Екі аптада 2 000 нысан тексеріліп, 227 бұзушылық анықталған. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов тұрғындарды жағдайға жауапкершілікпен қарауға шақырды. Облыста ахуал нашарласа карантин режимін қатаңдатуға тура келетінін айтты.