Тікелей эфир

Коронавирус Қазақстанда: 24 мамыр оқиғалары. Бірқатар өңірде карантин режимі ұзартылды

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Бір тәулікте Covid-19 жұқтырған 209 адам анықталып, 138 науқас емделіп шықты

Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. 72 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.

24 мамыр. Коронавирус жұқтырғандар саны – 8 531

  • Алматы – 2 201;
  • Нұр-Сұлтан – 1 630;
  • Атырау облысы – 891;
  • Шымкент – 606;
  • Қарағанды облысы – 595;
  • Батыс Қазақстан облысы – 414;
  • Қызылорда облысы – 289;
  • Түркістан облысы – 315;
  • Алматы облысы – 288;
  • Ақтөбе облысы – 276;
  • Жамбыл облысы – 292;
  • Павлодар облысы – 187;
  • Маңғыстау облысы – 167;
  • Ақмола облысы – 146;
  • Қостанай облысы – 122;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 66;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 46.

Жазылғандардың жалпы саны – 4 352.

Көз жұмғандар – 35.

Шетелден келгендерді оқшаулау тәртібі өзгерді

Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың қаулысымен коронавирусқа қатысты шектеу шаралары күшейді.

Қазақстанға шетелден келетін барлық адам 2 тәулікке дейін коронавирусқа зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланады. Шекарадан өткен соң 5 күннен кешіктірілмей ПТР зертханалық тексеруде теріс нәтиже көрсеткен анықтамасы бар шетелден келген адам үйде (үй карантин) 14 тәулік бойы оқшауланады.

Қазақстанға шет елден келген дипломатиялық өкілдік, консулдық мекеме және халықаралық ұйымдар өкілдігінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері зертханада тексеріледі және 14 тәулік бойы үйінде өзін-өзі оқшаулайды.

Оқи отырыңыз: "Заңнама жүйесін жетілдіру қажет". Төтенше жағдай сабақтары туралы сарапшылар пікірі

Коронавирус жұқтыру өсімі 7%-дан асқанда енгізілетін шектеулер

Өңірде коронавирус сырқаттанушылығы 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының аумақтарында келесі шектеу іс-шаралары қолға алынады:

  • мерекелік, спорт, ойын-сауық, мәдени бұқаралық іс-шараларға, конференциялар мен семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынады;
  • кинотеатр, түнгі клуб, фитнес және жаттығу залы, сауда ойын-сауық орталықтарындағы балалар ойын алаңы, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары – даму орталығы, үйірме, компьютер клубы, құраманы Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына даялау мақсатында Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базаларынан өзге мектептен тыс спорт кешені (балаларға арналған үйірме, секция) қызметі тоқтатылады;
  • коронавирус жағдайы қолайсыз елдерде өтетін халықаралық спорт, мәдени, туристік іс-шараларға баруға тыйым салынады. Тыйым медицина мақсатында баруға қолданылмайды. Шетелге емделуге бару үшін құжаттары мен жанында екі адамнан көп емес адам жүруі қажет;

Оқи отырыңыз: Қазақстан эскалация алдында немесе Ресейдегі коронавирус қарқыны елімізде қайталана ма?

  • коронавирус табылған ауылдың елді мекендер ІІМ мен Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерін тарту арқылы қоршалады;
  • эпидемиологияға қарсы жұмыс режимін сақтай отырып "клиентке жеткізу" қағидасы бойынша және онлайн режимге көше отырып екінші деңгейлі банктер филиалдарымен "Қазпошта" қызметіне шектеулер енкізіледі;
  • қызмет көрсету нысанының меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметін тоқтату;
  • жәрмеңке, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар базарлары, автокөлік, заттай, мал базарлары және басқа да ада көп жиналатын орындардың жұмысын тоқтату;
  • қоғамдық көлік жұмысын тоқтату;
  • ауылдық елдімекендер арасында қозғалуға тыйым салу;
  • діни нысандар жұмысын тоқтату;
  • егін жұмыстарын, ветеринарлық, ауыл шаруашылық шараларын өткізуге жұмылдырылған тұлғалардың көлігінен басқа облыс, қала, аудан, ауыл ішінде жеке көлікпен жүруді шектеу;
  • отбасылық шаралар өткізуге тыйым салынады.

Нұр-Сұлтанда карантин аяқталғанша дейін үйге қонақ шақыруға тыйым салынады

Қала тұрғындарына карантин аяқталғанға дейін екі және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде міндетті түрде маска тағу және екі метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, үйінен еркін шығуға рұқсат етіледі. Аула, саябақ, алаң, сквер, жағалауда серуендегенде масканы міндетті түрде тағу керек, үш адамнан артық топтаспау керек. Бұл шектеудің бір отбасы мүшелеріне қатысы жоқ. Сондай-ақ, саяжай учаскесіне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін қаладан шығуға және қайта кіруге рұқсат етіледі.

Оқи отырыңыз: Карантиннен кейін АҚШ-тың бизнес саласы қалай өзгереді? Сараптама

Бұдан басқа қосымша карантин шаралары:

  • саяжай учаскесіне бару үшін (қала сыртындағы үйлер) елдімекеннен шығуға және кіруге рұқсат;
  • қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көлікте маска тағу, қолғап пен антисептик қолдану талабын қатаң сақтау;
  • отбасылық, еске алу, салт-жоралғылар және басқа да шараларды өткізуге, кейтеринг пен мерекені ұйымдастыру қызметін көрсетуге тыйым салынады;
  • жеке, қызмет автакөлігін және таксиді қолдануға шектеу жоқ, тек такси мен қызмет көлігінің жүргізушілері маска мен қолғап тағып, антисептиктер қолдануға міндетті;

Нұр-Сұлтанда 25 мамырдан бастап неге рұқсат, ал неге тыйым салынады?

Рұқсат:

  • 25 мамырдан моншалар мен сауналардан басқа бизнес нысандары санитарлы-дезинфекция режимін қатаң сақтай отырып бұрынғы жұмыс кестесіне ауысады: моншалар мен сауналар жұмыс күндері – 9.00-18.00 аралығында, демалыс күндері 9.00-21.00 аралығында жұмыс істейді;
  • үлкен кафе және мейрамханада 50 артық отыратын орын болмауы керек.
  • Ббілім беру орталықтары, әртүрлі сала мамандарды даярлау және қайта даярлау курстары, семинар сабақтары, үлкендерге арналған үйірмелер;
  • кіріп-шығу есігі әртүрлі бір сәтте 50 аспайтын адам келетін жағдайда дін нысандары.

Тыйым салынады:

  • ұжымдық іс-шаралар, түлектер балын, кешін, мектеп түлектерінің соңғы қоңырауын өткізуге, көше саудасынана;
  • банкет және салтанат залына, түнгі клубқа;
  • фитнес-клуб пен залға, жаттығу залына (орталығы);
  • СПА-салон мен массаж кабинетіне;
  • косметология қызметіне (кабинет, орталық, клиника);
  • мектептен тыс қосымша білім беру ұйымына (даму орталығы, үйірме);
  • компьютер клубына;
  • құраманы чемпионаттарға даялау мақсатында Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорт базаларынан өзге спорт кешеніне (балаларға арналған үйірме,секция);
  • қыдыруға арналған суда жүзу құралдарына;
  • кезекші топтан өзге мектепке дейінгі ұйымдарға.

Оқи отырыңыз: Бірінші кезеңде 54 пойыз жолға шығады. Билет бағасында өзгеріс бола ма?

Шымкентте карантин 8 маусымға дейін созылады

Шымкентте бас санитар дәрігердің қаулысымен карантин режимі ұзартылды:

  • тұрғылықты орнынан сыртқа маскамен шығуға;
  • аулаға, парк, сквер, жағалауға маска тағып және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып үш адамнан артық емес топпен не отбасы мүшелерімен шығуға;
  • саяжай учаскесі мен қала сыртындағы үйге бару мақсатында елдімекеннен шығуға және кіруге;
  • маска тағу, қолғап пен антисептик қолдану талабын қатаң сақтай отырып қоғамдық орындарда, соның ішінде қоғамдық көлікте жүруге рұқсат етіледі;
  • отбасылық, еске алу, салт-жоралғы және басқа да іс-шаралар өкткізуге, мерекені ұйымдастыру қызметін көрсетуге тыйым салынады;
  • кәсіпкерлік субъектілеріне карантин талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етуге;
  • бұқаралық іс-шараларға тыйым салынады;
  • бизнестің барлық салалары үшін жұмыс кестесі 10.00-18:00 аралығында, келесілерді қоспағанда: түлектер балы, кеші, мектеп түлектерінің соңғы қоңырауын өткізуге тыйым салынады.

Атырау облысында карантиндік талаптар жеңілдетілді

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыста карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылып, карантиндік талаптар жеңілдетілді.

Келесі кәсіпкерлік ұйымдар мен кәсіпорындарға карантиндік талаптарды сақтай отырып, жұмыс жасауға рұқсат етілді:

  • туристік агенттіктерге;
  • көңіл көтеру нысандарының қызметінсіз, саябақ, алаң, шағын бақтарға, жағалауларға үш адамнан артық емес топпен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға;
  • автосөрелер мен сатушы, сатып алушылар арасында арақашықтықты сақтай отырып, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері үшін ашық алаңдарда жәрмеңке өткізуге 9.00-17.00 жұмыс уақыты аралығында рұқсат беріледі;
  • 9.00-22.00 аралығында гипермаркет, супермаркет, азық-түлік дүкендері, дәріхана, бірінші қажеттіліктегі тауарлар саудасы нысандарының жұмысына;
  • дәмхана, мейрамхана, кофехана, асхана, бар (кальян барлардан басқа) жұмыстарына бір мезгілде қабылдау 30 адамнан артық емес (ашық алаңдарда 50 адамнан артық емес) жағдайда және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір үстелде 4 адамнан артық емес отырғыза отырып (отбасы мүшелерінен басқа), сағат 9.00-22.00 жұмыс режимі аралығында қызмет көрсетуге рұқсат беріледі;
  • өңір тұрғындарынан қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, жабық нысандарда маска кию, антисептиктерді пайдалану, карантиндік талаптарды сақтау талап етіледі.

Оқи отырыңыз: Жаңа тұрғын үй бағдарламасы мен биологиялық қауіпсіздік кеңесі. Президент мәлімдемесіндегі маңызды мәселелер

Қарашығанақ кенішінде карантин жарияланды

БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері қаулысына сәйкес "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в." компаниясы аумағында 5 маусымға дейін карантин режимі енгізілді. Кеніш аумағында жұмыс істейтін қызметкерлер мен өндірістік қызметке тартылған, азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, жанар-жағар май және басқа қажетті материалдарды тасымалдайтын көлік құралдарын қоспағанда, көлік құралдарының кіріп-шығуына тыйым салынды.

Барлық көлік құралдарында ілеспе құжаттары болуы, санитарлық өңдеуден өтіп, тіркелуі тиіс. Түнгі ауысымда жұмыс істейтіндерді, оларды тасымалдайтындарды, әкімдік, құқық қорғау органдары, жедел жәрдем, санитарлық-эпидемиологиялық, өрт сөндіру, апаттық және басқа өмірлік қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін қоспағанда, адамдардың вахталық қалашықтардың ішінде, олардың арасында кешкі сағат 19.00-ден таңғы 07.00-ге дейін жүріп-тұруына тыйым салынды.

Кенішке жаңадан келетін еңбек мигранттары оқшаулану талаптарын сақтай отырып, өзге қызметкерлерден бөлек орналасады. Бөрлі ауданы әкімдігі провизорлық және карантиндік стационарлар қызметін, оған жатқызылатын адамдарды тасымалдауды қамтамасыз етіп, барлық вахталық қалашықта түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ кеніш аумағында санитарлық-дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, барлық тазалық және сақтық шаралары қолға алынады.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары