Тікелей эфир

Көлікті қалай жалға алып пайдалануға болады?

Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Сурет shutterstock.com сайтынан алынды
Соңғы он жылдықта әлемде каршеринг қызметі қарқынды дамуға бет алды. Тұтыну нарығында бұл қызметке деген сұраныс көп.

Каршеринг деген не?

Каршеринг – автокөлікті жалға алып тұтыну қызметі. Тұрғындар белгілі бір компанияның көліктерін минутқа, сағатқа алып пайдалана алады. Қазіргі таңда каршеринг әлемнің 1000-ға жуық қаласында қолданылады.

Бұл ерекше қызмет Қазақстанға, оның ішінде Алматыға 2019 жылдың қазан айында келді. Anytime компаниясы қала тұрғындарына арнап бірнеше көліктер ұсынды. Арнайы қара және қызғылт сары түске боялған Volkswagen Polo көліктерін қаланың кез-келген нүктесінен табуға болады. Оны пайдаланудың өз ережесі бар. Көлікті жалға алу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  • Смартфонда, iOS және Android платформаларында "Anytime Каршеринг Казахстана" қосымшасын жүктеу.
  • Қосымша ішінде қалай дұрыс тіркелу керек екенін көрсететін видео бар. Соны көру маңызды.
  • Тіркеуді тегін жасайсыз. Ол үшін жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және банк карточкасы керек.
  • Тіркеу сәтті аяқталған соң жақын маңдағы Anytime көлігін тауып, бронь жасайсыз. Көлікке дейін жетіп алу үшін тегін 15 минут беріледі. Одан соң көлік "Күту режиміне" ауысып, сізді күтеді.
  • Жалға алынған көлікпен Алматы және Алматы облысы аумағында жүруге рұқсат. Егер тоқтайтын болсаңыз, онда көлікті "Күту режиміне" ауыстырыңыз. Жалға алу уақытын қаладағы кез-келген тұрақта тоқтатуға болады.

Дегенмен рұқсат берер алдында компания клиенттің жасы 21-ден асқанына және екі жылдық жүргізушілік тәжірибесі бар-жоқ екеніне қатаң назар аударады.

Каршерингті тұтыну неліктен тиімді?

  • Мобилділік – қосымша арқылы көлікті онлайн жалға алып, өз уақытыңызды үнемдейсіз;
  • Шығын аз – тек пайдаланылған минут үшін ақша төлейсіз және көлікке жағдай жасау үшін бір тиын шығармайсыз;
  • Ыңғайлы – кепілсіз және аз ғана құжатпен жалға алу;
  • Тарифтің бірнеше түрі бар – олардың әрбірінде тұраққа қою, жуу, сақтандыру және бензин қызметтері қарастырылған.
Компания көлікті жалға алушыларға бірнеге талап қояды:
  1. Жылдамдықты арттырмау;
  2. Көлікті рұқсат етілген орынға ғана қою;
  3. Көліктегі құжаттарға тиіспеу;
  4. Рұқсат етілген аумақтан шықпау;
  5. Оқыс жағдай туындаған жағдайда өз бетімен әрекет жасамай, операторға хабар беру.
Anytime биылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында да қызмет көрсетуі мүмкін. Әрі қарай Шымкент нарығын да игермек. Әзірге компанияның паркінде 400 автокөлік бар.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары