Адамдар атын, әкесінің атын және тегін қалауына қарай ауыстыра беруіне болмайды. Ауыстыруға негіз болатын себептер "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің 257-бабымен айқындалған. Олар:
  • Атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
  • Атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;
  • Егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;
  • Егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
  • Бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
  • Жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
  • Жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
  • Өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
  • Құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
  • Егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;
  • Ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;
  • Өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және (немесе) әкесінің атын алғысы келуі;
  • Жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Жеке куәлікті қалай қайта жасатуға болады?


Фамилиясын өзгертуге ниеттенген адам тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына барып өтініш жаза алады. Өтінішпен бірге өткізетін құжаттар тізімі төмендегідей:

  • Туу туралы куәлік;
  • Неке туралы куәлік (егер өтініш беруші некеде тұрса);
  • Баланың туу туралы куәліктері (егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса);
  • Бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік (егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса);
  • Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік (егер өтініш беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса);
  • 3х4 екі сурет;
  • Мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (баж сомасы - 2 АЕК);
  • Қызметті алушы атын, әкесінің атын және тегін ауыстыруының себебін растайтын қосымша құжат.

Өтініш қабылданған уақыттан бастап 1 ай мерзім ішінде қаралады. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексіне сәйкес, қазақстандықтар тегін бірнеше мәрте ауыстыра алады. Ал есімін тек бір рет қана өзгерту құқығына ие.

Тек ауысқан соң барлық құжатты ауыстыру міндеттелмейді. Мәселен, диплом, аттестат секілді білім туралы құжаттармен қатар тек, есім, әкесінің аты ауысқаны туралы куәлікті немесе неке туралы куәлікті көрсету жеткілікті. Дегенмен, міндетті түрде ауыстыру қажет құжаттар да бар. Олар:

  • Жеке куәлік;
  • Паспорт;
  • Жүргізуші куәлігі;
  • Зейнетақы келісімшарты.

Бұл құжаттар тек ауысқан соң 30 күн ішінде өзгертілуі керек. Бұл мерзім ішінде жасалмаған жағдайда азаматтар 5 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

2020 жылы 1 АЕК = 2 651 теңге.

Өзіңізге ыңғайлы жерден informburo.kz оқыңыз:

Facebook | Instagram | Telegram

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter