Оған Нью-Йорктағы Эми Купер есімді америкалықтың әрекеті мен Миннеаполис қаласында Джордж Флойд есімді афро-америкалық азаматтың полиция офицерінің қолынан мерт болуы түрткі болды.
Кристиан Купер есімді афро-америкалық Нью-Йорктың орталық паркіндегі құстар сайрайтын аймағында Эми Купер (тегтерінің бірдей болуы кездейсоқтық) ақ нәсілді америкалықтың итін жібінен босатын жібергенін көріп, олай жасауға болмайтынын айтқан. Эми оған көнбеген соң, Кристиан видеоға түсіруді бастаған. Видеода Эми полицияға хабарласып, өз өміріне қара нәсілді америкалықтың қауіп төндіріп жатқанын мәлімдеген. Расында, АҚШ-та дәл осы Эми сынды әйелдердің кесірінен бірталай қара нәсілділер түрмеге қамалғаны тарихтан белгілі (To Kill a Mockingbird). Сондықтан оның бұл әрекеті ұлттық деңгейде талқыланып, расистік деп танылды. Көп өтпей, осы оқиғаға орай, Эми өзінің Нью-Йорк қаласындағы жоғары лауазымды жұмысынан да шығарылды.
Оқи отырыңыз: Карантиннен кейін АҚШ-тың бизнес саласы қалай өзгереді? Сараптама
Дәл сол күні, өткен дүйсенбіде, Миннесота штатындағы Миннеаполис қаласында 4 полиция қызметкері контрафакті, яғни жалған $20 банкнотты қолдануға тырысты деген күдікпен Джордж Флойд есімді афро-америкалықты тұтқындайды. Тұтқындау барысы куәгерлер тарапынан камераға түсірілген. Видеодан белгілі болғандай, Джордж қарсылық танытпаса да, екі қолы қайырылған болса да, полиция офицері оның мойнынан аяғын алмаған. Осылай 8 минут тұрғаннан кейін, Флойд есінен танып қалды. Кейіннен оның қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады.
Сол күннен бастап "Black Lives Matter" (Қара нәсілділердің өмірі де маңызды) атты қоғалыстың үндеуімен азаматтар Флойдты өлтірген полиция офицері Дерек Чоувинді қылмыс жасағаны үшін жауап беруін талап етіп, жаппай көшеге шықты. Бастапқыда Чоувин қызметінен босатылды. Бірақ протестке шыққандар оның сотталуын талап етуді жалғастырды. Себебі, дәл осыған ұқсас жағдай 2014 жылы болды. Ол кезде еш қарсылық танытпаған Эрик Гарнер есімді афро-америкалықты өлтірген полиция қызметкері жай жұмысынан босатылған болатын.
Оқи отырыңыз: АҚШ-тың карантиннен шығуы неге қиын? Сараптама
Кейіннен, Джордж Флойд пен Дерек Чоувин өткен жылы бір түнгі клубта бірге жұмыс істегені белгілі болды. Чоувиннің полиция офицері ретінде қатаң әрекет етуіне оның бұрынғы таныстығы, мүмкін, кегі болған болуы мүмкін. Бірақ ол әзірге белгісіз. Себебі тергеу амалдары әлі жүріп жатыр.
Статистикаға көз жүгіртсек, Mapping Police Violence үкіметтік емес ұйымның есебінше, 2013-19 жылдар аралығында АҚШ полиция қызметкерлері қолынан 7 666 адам қайтыс болған. Афро-америкалықтар АҚШ халқының 13 пайызын құрайтынын ескерсек, олардың полиция қолынан өлу қаупі ақтарға қарағанда 2,5 есе көп екен. Ең көп көрсеткіш Калифорния, Техас және Флорида штаттарында тіркелген.
Дәл сол Джордж Флойд қайтыс болған Миннесота штатында афро-америкалықтар халықтың бір пайызын құраса да, олар полиция құрбаны болғандардың 10 пайызынан асады екен. Басқаша айтқанда, Миннесота штатының әрбір 100-нші тұрғыны қара нәсілді, ал полиция қолынан мерт болатындардың әрбір оныншысы осы афро-америкалықтар болып отыр.
Оқи отырыңыз: АҚШ доллары халықаралық мәртебесінен айырыла ма? Сараптама
Бұл америкалық қоғамда орын алған тарихи оқиғалардың салдары. Нақтырақ айтқанда, АҚШ тарихындағы құлдық жүйенің, сегрегацияның (ақтардың қара нәсілділердің үстінен өктемдік етуі), ку-клукс-кланның, неоконсерваторлардың радикалды топтарының, неонацизмнің, корпоративті күштердің саясаттағы ықпалының салдары протестке шыққандардағы агрессияға толы кекшіл көзқарасты қалыптастырған. Бір сөзбен айтқанда, American society had created it to itself.
Мысалы, АҚШ-құрылған кезде, оңтүстіктегі штаттарда құлдық жүйесі болды. 1865 жылы Авраам Линкольн жеңген азамат соғысы нәтижесінде құлдық жүйе жойылды. Бірақ оның салдары, яғни қара нәсілділер құл болмаса да, ақтармен тең өмір сүре алмауы тағы бір ғасырға дейін жалғасты. Себебі америкалық қоғамда африкалық америкалықтарды екінші класстағы азаматтар етіп бөлетін сегрегация заңы тек 1954 жылы жойылды. Сегрегация заңдары қара нәсілділерге қоғамда бірдей мүмкіндіктер бермеді. Сондықтан афро-америкалықтар ең нашар аудандарда (гетто) тұрды, балалары ең нашар мектептерде бөлек білім алды. Ақтар кіретін ресторандарға кіре алмай, ақтар ішетін судан іше алмады. Тіпті автобустағы отыратын орындары бөлек болды. Білімсіздік пен кедейлік болған ортада, қылмыс та көп болатыны анық. Сотталғандардың арасында қара нәсілділердің көрсеткіші көбірек болуының себептерінің бірі де осы.
Оқи отырыңыз: Есірткі саудасымен балалар да айналысады. Чикагоның ең қауіпті 10 ауданынан фоторепортаж
Қараларды екінші сұрыпты ететін сегрегация заңы 1954 жылы жойылғанымен, екі нәсіл қақтығысы 1970-жылдарға (1967 Detroit riot) дейін жалғасты. Ал құқық қорғау органдары тарапынан ашық түрде қара нәсілділерге күш көрсету 1990-жылдарға (Central Park jogger case, Brian Stevenson’s Equal Justice Initiative) дейін болды.
Содан бері полиция офицерлерінің қара нәсілділерге қатысты қатігездігі әлдеқайда азайды. Бірақ толығымен кетті деу мүмкін емес (Cases of Rodney King, Eric Garner, Micheal Brown, Breonna Taylor). Бірақ, бүгінге дейін қарапайым халық айтарлықтай либералданып (саяси, экономикалық, әлеуметтік теңдік, әділдік, адам құқықтарын бәрінен жоғары қою принциптері) үлгерді.
Десе де, солшыл либерализмге қарсы оңшыл күш те азайған жоқ. Оңшыл деп отырғанымыз – консерваторлар. Оларды өзгерісті көп құптамайтын, дәстүрге бейім, иммигранттарды қолдамайтын, коммунизмге қарсы, индивидуализмді жақтайтын, коллективизмге қарсы, авторитарлық тәртіпті мақұлдайтын қоғамдық философия деп суреттеуге болады. Бірақ осы консерватизмнің радикалды топтары нео-нацистер, расистер және ақтарды ұлықтайтындар (white nationalism: white separatism and white supremacism supgroups) болып келеді.
Оқи отырыңыз: Трамп исламофобиясы. Америкада мұсылман болу қаншалықты қауіпті?
АҚШ-ты қанша демократиялық ел деп танығанымызбен, мұнда радикалды ақтар көптің қасы. Олардың қатарында 11th Hour Remnant Messenger, American Reneissance, American Freedom House party, American Nazi Party, Aryan Brotherhood of Texas, Atomwaffen Division, EURO, Hammerskins, Identity Evropa сынды ұйымдар бар. Осы ұйымдардың тарапындағылар ақтардың өктемдігін қолдайды, сәйкесінше, өзге нәсіл өкілдерін өздерінен бір табан төмен деп санайды.
Мұндай радикалды идеология солшылдардың қатарында да бар. Жоғарыда жазылған корсерваторлардың барлық принциптерінің қарама-қарсы жағы либералдарға тиесілі. Олар коллективизмді қолдайды. Коммунистер мен анархистер де либералдар тарапында. Демек радикалды солшылдарға қазіргі капиталистік жүйе де, корпоративті күшке ыңғайлы климат жасайтын билікке де қарсы. Олар "байлықтың теңдей қайта бөлуді" (wealth. redistribution) мақұлдайды.
Оқи отырыңыз: Америкалықтар 9/11 террористік шабуылын қалай еске алады?
Осы солшыл радикалдар қазіргі протестерді өз мақсатында тиімді пайдаланып отыр. Мысалы, солшыл радикалды қозғалыстардың арасындағы ең белсенділерінің бірі ANTIFA America протестер басталғалы бері халықты жаппай көтерілуге, өзіңе қажет мүлікті күшпен тартып алуға шақырып жатыр. Тіпті консерваторлар тұратын аудандарға барып, топалаңын шығаруға да үгіттеуде. Әрине, протестердің негізгі толқынын ANTIFA үндеуі жасап жатқан жоқ. Десе де, радикалды әрекеттерді үгіттеп жатқаны белгілі. Сол үшін бүгін Твиттер олардың аккаунтын блоктап тастады.
Кезінде дүниежүзілік соғыстар болмасыз себептерден өршіп кеткенін білеміз. Мысалы, екі дүниежүзілік соғыс астарында да империалистік, ақ ұлтшылдық (white nationalism) сипат болды. Қазіргі протестер де сондай сипат алып отыр. Джордж Флойдтың өлімі енді бір адамның өліміне жауапты азаматты жауапқа тарту емес, солшылдар мен оңшылдардың бір-біріне қарсы ашық күресі.