Алматының Алмалы ауданының прокуратурасы аудан әкімінің аппаратымен және экобелсенділермен бірлесіп, сенбі күні қадағалау органының кеңсесі алдында жаппай ағаш отырғызуды ұйымдастырды. Бұл туралы қалалық прокуратураның Instagram-аккаунтынан белгілі болды. Сондай-ақ, коронавирустың таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймақта орналасқан қалада бас санитарлық дәрігердің қаулысымен Алматыда және одан тыс жерлерде жаппай көшет отырғызуға тыйым салынғаны белгілі. Мұны тек мамандандырылған қызметтер ғана жасай алады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Informburo.kz қалалық прокуратура қызметкерлерінен санитарлық дәрігердің бұйрығын неге бұзғанын сұрады.
Қадағалау органының өкілі Кенесары Бағбанұлы "Барлық шаралар Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес санитарлық нормаларды сақтай отырып, мамандандырылған ұйым – "Фирма"Лэу"ЖШС-нің қатысуымен жүргізілді" деп жауап берді.
Алайда, біздің тілшіміз карантин кезінде көшет егумен тек мамандар ғана айналыса алатынын ескерткенде, прокуратура өкілі қадағалау органы тек акцияны ұйымдастырғанын, ал жұмыстарды мамандандырылған қызмет істегенін айтты.
Кенесары Бағбанұлы фотосуреттегі шараға қатысушылар арасында арнайы мамандар ғана емес, әкімдік пен прокуратура өкілдері де бар екенін мойындады. Ол былай деп жазды: "Мұндай акцияларға бірлесіп қатысу заң актісінің талаптарына сәйкес келеді. Барлық жұмыс мамандардың қатаң бақылауымен жасалды".
Informburo.kz санитарлық дәрігердің қаулысында мамандардың қадағалауымен көшет отырғызуға рұқсат беретін тармақты және осындай бірлескен акцияларға сәйкес келетін заңға тәуелді актіні таба алмады.
Оқи отырыңыз: "Қызыл аймақтағы" өңірлерде әуежай мен теміржол вокзалына қарсы алушылар мен шығарып салушылар кіргізілмейді