Статистика Covid-19 в Казахстане: Заразились: 921 216 Умерли: 11 815
Коронавирусная пневмония: Заразились: 78 158 Умерли: 4 979

"Қызыл аймақтағы" өңірлерде әуежай мен теміржол вокзалына қарсы алушылар мен шығарып салушылар кіргізілмейді

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстанда қауіпті індеттің өршуіне байланысты, ішкі және халықаралық авиарейстердегі, сондай-ақ темір жол қатынастарында карантиндік шектеу талаптары күшейтілді.

Бүгіннен бастап тәуекелі жоғары өңірлердегі әуежай ғимараттарына күтіп алушылар және шығарып салушыларды кіргізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, теміржол вокзалдарының ғимараттарына да жолаушылардан бөгде адам кіргізілмейді. Тиісті қаулыға бүгін Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қол қойды. 

  • "Қызыл" аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы, Ақмола және Қарағанды облыстары;
  • "Сары" аймақта – Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары;
  • "Жасыл"аймақта – Түркістан, Қостанай облыстары орналасқан.

Ұлттық орташа көрсеткіш бойынша Қазақстан "қызыл" аймақта.


Оқи отырыңыз: 

 

Серіктестер жаңалықтары