"7-20-25" бағдарламасының лимиті 1 трлн теңге болса, "Баспана Хиттікі" – 600 млрд теңге.
"Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ "7-20-25" және "Баспана Хит" тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуы туралы ресми түсініктеме берді.
Оқи отырыңыз: "7-20-25" және "Баспана хит" тұрғын үй бағдарламаларын қаржыландыру тоқтатылады
"7-20-25" бағдарламасы 2018 жылы ипотекалық кредиттеудің қолжетімді талаптарымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Ипотекалық тұрғын қарыздарын беру көлемі бойынша бекітілген лимит 1 триллион теңгені құрайды. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша 325 млрд теңгеге жуық сомаға несие берілді, ол өз кезегінде бастапқы тұрғын үй нарығынан 27 мың қазақстандық отбасының үйлі болуына септігін тигізді. "7-20-25" бағдарламасының мерзімі шектеусіз, бағдарлама бекітілген 1 трлн теңге лимитіне жеткенге дейін іске асырылады.
"Баспана Хит" бағдарламасы 600 млрд теңге құрайтын бекітілген индикаторға сәйкес осы лимитке жеткеннен кейін аяқталады. Қазіргі кезде жалпы берілген қарыздар сомасы 493 млрд теңгені құрады, соның нәтижесінде 54 мыңнан астам отбасы баспана ала алды. Екінші деңгейдегі банктердің болжамы бойынша осы сома ағымдағы жылдың аяғына дейін игеріледі.
Оқи отырыңыз:
- Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі
- Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан қалай пәтер алуға болады? Маңызды 13 сұраққа жауап
Бұл ретте "Баспана Хит" бағдарламасы халық үшін қолданыста болған үйлер нарығында ипотеканың қолжетімділігін арттыру бойынша өз міндетін толық орындағанын атап көрсеткен жөн. Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктер "Баспана Хит" бағдарламасына ұқсас кредиттеу талаптарын әзірледі және ұсынуда. Демек, енді мемлекет тарапынан ипотека нарығының осы сегментін одан әрі ынталандыру қажеті жоқ. Бұл жағдай бағдарламаны жоспарлы түрде аяқтауға мүмкіндік береді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
123 мамырдан бастап Астана-Анкара тікелей рейсі қосылады ✈️
-
323
-
0
-
3
-
-
2Ақтөбеде есірткі сатқан тұрғын ұсталды
-
307
-
0
-
1
-
-
37 ақпанда «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезі өтеді
-
272
-
0
-
1
-
-
4Қызылорда облысында оқушылар мектепке қайықпен қатынауға мәжбүр болған
-
254
-
0
-
1
-
-
5Шағын және орта бизнес өкілдерінің саны 2029 жылға қарай 5 миллионға жуықтайды
-
242
-
0
-
1
-
-
6Дінтану негіздері, қостілді оқулықтар. Мектеп бағдарламасына қандай оқу кітаптары қосылады?
-
237
-
0
-
2
-
-
7Алимент төлемеген 16 мың азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды
-
181
-
0
-
0
-
-
8Ақпарат министрі: Журналист пен блогерді айыру үшін баспасөз картасын енгіземіз
-
110
-
0
-
1
-
-
9Қуантыров: бала Ұлттық қордан үлесін алу үшін 18-ге толғанға дейін азаматтығын ауыстырмауы керек
-
40
-
0
-
0
-