Педагог мәртебесі туралы заңды Үкімет бекітті. Нұр-Сұлтанда жас мұғалімдерге жатақхана беріледі
Жаңа министр ант берді
Ол өткен аптада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Біржан Нұрымбетов.
– Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін! – деді Біржан Нұрымбетов.
Естеріңізге сала кетейік, Бердібек Сапарбаевтың вице-премьер болып тағайындалғаны белгілі. Ата заңға сәйкес Үкімет мүшесіне бірінші рет қабылданған адам ант беруі тиісті.
Оқи отырыңыз: Мұғалім мәртебесі туралы заң жобасындағы маңызды жаңалықтар
Мұнай өндірісі артып, бағасы арзандауы мүмкін
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов болжамын жариялады. Оны Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев қолдады.
– 2019 жылы мұнай бағасының консенсус-болжамы 65 долларды құрайды. Ал 2020 жылы бір баррель үшін 63 долларға дейін төмендейді. Сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасы дамуының ықтимал үш сценарийі қаралды, – деді Дәленов.
2020 жылы мұнай өндіру 90 млн тоннаға, 2024 жылы 100 млн тоннаға жететінін хабарлаған министр мұнай бағасын 55 доллармен есептеп, болжамды жоспар жасағандарын жеткізді.
Салықтың негізі кірісі шикізат емес секторлар болатынын болжағанын да айтты.
Оқи отырыңыз: Мұғалім мәртебесі туралы заң жобасы талқылауға түспей жатып, мұғалімдердің наразылығын тудырды
Трансферттер туралы екі заң жобасы қаралды
Оны ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ұсынды.
- "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" заң жобасы.
- "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасын таныстырды.
– Біріншіден, 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер туралы Заң жобасы Бюджет кодексінің 45-бабына сәйкес, биыл 2017-2019 жылдарға арналған трансферттер туралы заңның қолданысы аяқталуына байланысты әзірленді.
Жалпы сипаттағы трансферттер өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіруге және өңірлік экономиканы дамытуға, жергілікті атқарушы органдардың ынтасын арттыруға бағытталған.
Оқи отырыңыз: Мұғалімдердің жалақысы қалай өседі? Есептейік
Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Заң жобасы Бюджет кодексінің 24-бабына сәйкес әзірленді.
Трансферттердің көлемі Әдістемеге сәйкес есептелді, – деді Дәленов.
Үкімет алдағы үш жылдың бюджетін талқылады
Бүгінгі Үкімет отырысында 2024 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген "2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы да қаралды.
ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов таныстырған Заң жобасы мынандай параметрлерден тұрады:
Оқи отырыңыз: Мұғалім мәртебесі туралы заң: педагогтарға қандай жеңілдіктер жасалады?
- Тұрақты экономикалық жағдайды қамтамасыз ету;
- Бюджет кірістерін әкімшілендіру сапасын арттыру;
- Фискалдық орталықтанудан шығару және өңірлердің дербестігін арттыру;
- Бюджет шығыстарын оптимизациялау.
Негізгі мақсат: Мұнайға жатпайтын түсімдер арқылы кірісті арттыру
– Ұсынылған жоба орта мерзімді перспективада еліміздің алдына қойылған негізгі міндеттерді іске асыруға бағытталған. Жоспарлаудың негізі ретінде базалық макроэкономикалық сценарий қабылданған.
Ол жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсуін, инфляцияның орташа жылдық мөлшерін 2022 жылы 3-5%-ке дейін төмендетуді көздейді. Бюджет кірістерін әкімшілендіру сапасын арттыру барысында негізгі көрсеткіш ретінде мұнайға жатпайтын түсімдердің көлемін негізге аламыз.
Ол биылғы жылдың жоспарына 1 трлн теңгеге өсіммен 2020 жылға 7 трлн 489 млрд теңге сомасында жоспарланған, – деді Әлихан Смайылов.
Сонымен бірге бюджет шығыстарын оптимизациялау бойынша бірқатар бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілген:
- Имидждік шығыстарды оңтайландыру;
- Мемлекеттік тапсырмалардың біразын мемлекеттік сатып алудың бәсекеге қабілетті тетіктеріне көшірумен және шығыстарды оңтайландырумен мемлекеттік тапсырмалардың санын қысқарту;
- Тиімсіз шығындарды приоритетті бағыттарға бағдарлау;
- Әкімшілер бюджеттік өтінімдерін берген кезде құнын асыруға жол берілген бюджеттің ағымдағы шығыстарын оңтайландыру.
Осы арқылы шығыстардың артуын кірістің артуымен сәйкестендіруді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Үкіметте талқыланған заң жобасы Мәжілістің қарауына жіберіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда ең үздік атанған мұғалім автокөлік ұтып алды
Педагог мәртебесін көтерін заң жобасын Үкімет бекітті
Мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын 56 күнге дейін көбейтуге, педагогикалық шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған заң жобасы Үкіметте қаралып, мақұлданды.
Заң жобасын таныстырған ҚР Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таныстырды.
19 баптан тұратын заң жобасын дайындау үшін пікірлер мен ұсыныстардың қоғамдағы белсенді топтармен келісу арқылы қабылданғанын жеткізген министр педагогтар сезінетін игіліктенетін артықшылықтарды атады.
Негізгі материалдық ынталандыруға келер болсақ, оның ішінде:Оқи отырыңыз: Мұғалімдер мен дәрігерлерге бастапқы жарнасыз баспана беріледі
- Сынып жетекшілігі мен дәптерлерді тексергені үшін ақыны екі есе өсіру;
- Педагогикалық шеберлігі үшін қосымша ақы төлеу;
- Барлық педагогтер үшін демалыс уақытын 56 күнге дейін көбейту;
- Магистр дәрежесі үшін және тәлімгер болғаны үшін қосымша ақы төлеу;
- 4 жылдың ішінде жалақыны 2 есе өсіру бойынша мәселе қарастырылды.
Қанша мұғалімнің қосымша ақысы өседі?
Министрдің айтуынша, аталған заң жобасымен қатар 3 кодекске, 15 заңға толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Осы арқылы ұстаздардың құқы қорғалып, мәртебесі кепілденеді.
– Аталған заң нормалары мұғалімдерге келесідей мүмкіндік беретін болады: сынып жетекшілігі үшін 173 мың мұғалімнің, ал дәптерлерді тексергені үшін 165 мың мұғалімнің қосымша ақысы екі есеге көбейеді. 212 мыңнан астам қызметкердің біліктілік санаты үшін айлық жалақыдан 30-дан 50 пайызға дейінгі мөлшерде қосымша ақы алуына мүмкіндік беріледі. 7 мың қызметкердің магистр дәрежесі үшін 10 АЕК (1 АЕК = 2 525 теңге) мөлшерінде қосымша ақы алуына мүмкіндік жасалады. 18 мың қызметкердің тәлімгерлігі үшін 1 базалық лауазымдық мөлшерінде қосымша ақы алуына мүмкіндік беріледі деп күтілкді. Және де 100 мыңнан астам педагог қосымша 14 күн жазғы демалыс алып, енді 56 күн демалатын болады, – деді Асхат Аймағамбетов.
Келесі болып сөз алған Алматы облысы әкімі Амандық Батталова педагог мәртебесі туралы заң жобасын талқылауға облыс мұғалімдері белсене қатысқанын, мыңнан астам ұсыныс келгенін жеткізді.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда оқытушы тапшы. Қандай пән мұғаліміне сұраныс көп?
Мұғалімді жұмысқа жеккендер енді 120 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді
– Педагогтың жүктемесін қысқарту бойынша жеке нормалар көзделген. Бұл орайда, мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексеруге тыйым салынатын болады.
Құқық бұзушылық субъектісіне байланысты мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға және артық есеп беруге тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке (2019 жылы 1 АЕК = 2 525 теңгеге бекітілген) дейін айыппұл салу заң жобасында қарастырылған, – деді Асхат Аймағамбетов.
Нұр-Сұлтанда жас мұғалімдерге жатақхана беріледі
Бұл туралы қала әкімі Алтай Күлгінов мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, мұғалімдерді материалдық ынталандырудың қолдау үшін бірнеше тетік енгізілген:
– Біріншіден, 15 елордалық мектеп мемлекеттік мекеме нысаннан шаруашылық құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына ауысу бойынша пилоттық жобаға қатысып жатыр. Бұл басшыларға қосымша штат кестесін жасауға және мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге мүмкіндік береді.
Екінші, әкімдік жыл сайын ең үздік тәрбиешілерді, мұғалімдерді және тағы басқаларды ынталандыру үшін 20 миллион теңгеден бөліп келеді. Бұл жұмыс заң жобасында қарастырылып, жүйелі түрде жүргізілетін болады.
Үшінші, өткен жылдан бастап, жан басына шаққанда қаржыландыру аясында мұғалімдерге еңбекақы төлеудің бонустық жүйесі қаланың 10 мектебінде сынақтан өткізілді. Ол – жалақының 15-30 пайызы. Бұл тәжірибені басқа мектептерде қолдану қарастырылып жатыр.
Төртінші, елордалық мектеп мұғалімдері үшін тұрғын үй жалдағандарға жергілікті атқарушы органдар тарапынан өтемақы төлеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр және жас мұғалімдер үшін жақын арада 350 орындық жатақхана беру жоспарланған.
Бесінші, тұрғын үй сатып алу үшін мұғалімдерге 275 тұрғын үй сертификаты берілді.
Алтыншы, мұғалімдердің балаларына балабақшадан кезексіз орын беру де заң жобасына енгізілді.
Жетінші, білім беруді жаңғырту орталығы жұмыс істейді. Онда отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, білім сапасын көтеру қарастырылған. Осы жылы 6500 оқытушы Назарбаев униерситеті мен Назарбаев зияткерілк меткептерінде тағылымдамадан өтсе, жүзден астам мұғалім шетелден тәжірибе алмасып келді, – деді Алтай Күлгінов.
Оқи отырыңыз: "Заң жобасы әлі жазылған жоқ". Білім министрлігінің өкілдері өз сөздерінен өздері шатаса бастады ма?
"Педагог мәртебесі туралы" заң Мәжіліске жетті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин:
– Заң жобасын әзірлеудегі негізгі идея – мұғалімдердің жүктемесін азайту, оларды өздеріне тән емес жұмыстарды орындаудан босату арқылы өзін-өзі дамытуға және шығармашылыққа мүмкіндік беру.
Бұған қоса, мұғалімдердің жалақысын арттыруға, еңбек демалысын көбейтуге, педагогтік шеберлік, тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеуге бағытталған шаралар көзделген.
Айта кету керек, бұл заң жобасы өңірлердің әкімдері бюджет мүмкіндігіне қарай мұғалімдерге материалдық көмек көрсету мәселесін өздігінен шешееді, – деді Үкімет басшысы.
Асқар Мамин осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Парламент Мәжілісіне "Педагог мәртебесі туралы" және "Педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалім жүктемесін төмендету мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қамтамасыз етуді тапсырды.