USD: 487.7 / 490.5
  • EUR: 565.5 / 570.5
  • RUB: 6.57 / 6.71
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Мұғалімдердің жалақысы қалай өседі? Есептейік

Фото sputniknews.kz сайтынан алынды
Фото sputniknews.kz сайтынан алынды
2018 жылғы қаңтардан бастап 1, 2, 5, 7 сынып мұғалімдерінің жалақысы артты. Ал, біліктілікке байланысты үстемақы тек тесттен өткендерге беріледі.

Болашақ басшыны да, ғалымды да, еңбекқор егіншіні де, кеншіні де ұстаз өсіреді. Сондықтан ұрпақтың білімді, саналы болып қалыптасуы жолында тер төгетін мұғалімнің дәрежесін көтермей болмайды.

ҚР Президентінің дәстүрлі Жолдауындағы мұғалімдердің жалақысын 30%-ға көбейту тапсырмасына сай биыл мұғалімдердің жалақысы өсті. Сонымен қатар, қосымша үстем ақы жүйесі де енгізілді. Оған тек шәкірттерін халықаралық стандарттарға сай бағдарламамен оқытып жүргендер ғана қол жеткізе алады. Категориялары ұлттық біліктілік тестісі арқылы анықталады.

Оқи отырыңыз: Мұғалім мәртебесі туралы заң жобасындағы маңызды жаңалықтар

Бұл тәсіл қалай, қашан жүзеге асады? Жоғары жалақы алу үшін мұғалімдерге не істеу керек? Әуелі ұстаздардың жалақысының қалай есептелетінін түсініп алайық.

Ұстаздардың айлығы шайлығына жететін болды

Мұғалімдер санатына қарай әр түрлі еңбекақы алады. Ұстаз:

  • Еңбек өтілі;
  • Өтелген сағат саны;
  • Біліктілік деңгейі жоғары болған кезде жоғары жалақы алады.

– Ұстаздардың жалақысын өсіру екі кезеңнен тұрады. Біріншісі, төменде көрсетілген кесте бойынша жүзеге асады. Екіншісі, ұлттық біліктілік тестісін тапсырып, өздерінің білімін растаған мұғалімдер жалақысын 20-50 пайызға дейін көтере алады, – деді Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова бізге берген эксклюзив сұқбатында.

Оқи отырыңыз: Мұғалім мәртебесі туралы заң: педагогтарға қандай жеңілдіктер жасалады?


білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысы артады

Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшетіндіктен ұстаздардың жалақысы артады / Вице-министрдің айтуы бойынша арнайы жасалды

– Статистикалық мәліметтерді сөйлетер болсақ, 2018 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында 205 729 оқытушының жалақысы көтеріледі. Оның ішінде қаңтар айында 115 304, қыркүйекте 90 425 мұғалімнің, ал, 2019 жылдың қыркүйегінде 295 841-інің айлығы өссе, 2020 жылы 304 098 ұстаз жоғарылатылған еңбекақыны алатын болады, – деді Бибігүл Асылова.

Оқи отырыңыз: Мұғалім мәртебесі туралы заң жобасы талқылауға түспей жатып, мұғалімдердің наразылығын тудырды

Ауыл мұғалімінің жалақысы жоғары болады

– Толық оқу жүктемесі енгізілгеннен кейін жоғары нәтижеге қол жеткізе аламыз. Қала мұғаліміне қарағанда ауылдың ұстаздары жоғары жалақы алатын болады. Мәселен, 15 жылдық еңбек өтілі бар I санаттағы қала мұғалімінің алып жүрген жалақысына 24 050 теңге қосылады. Бұл дәптер толтырып, сынып жетекшісі болып, оқыту кабинеттерін меңгергені үшін алатын ақы. Дәл осындай еңбек өтілі бар бірінші санаттағы ауыл мұғалімінің жалақысына 25 860 теңге қосылады, – дейді вице-министр.

Сонда қаншаға өседі? Қалада...


Биыл мұғалімдердің 66 пайызының жалақысы көтерілетіні белгілі болды

Осының бәрін жүзеге асыру үшін 60-70 млрд теңге керек екенін айтты Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов / Білім және ғылым министрлігінің жеке мұрағатынан алынды

– Енді ғана қалалық жерде жұмысқа орналасқан мұғалім осы күнге дейін 56 630 теңге алып келді. Енді айлығына 22 475 теңге қосылып, 79 105 теңге алатын болады. Егер біліктілік тестінен өткен жағдайда 96 095 теңге ай сайын қалтасына түсіп отырады. Осы тұста еңбекақының екі есе өскенін байқайсыз, – деді ол.

Оқи отырыңыз: Алматыда ең үздік атанған мұғалім автокөлік ұтып алды

Ауылда...


Мұғалімдердің мәртебесі біршама көтерілді

Мұғалімдердің мәртебесі біршама көтерілді / Министрліктің нұсқауы бойынша жасалынды

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз