"От жақсаңыз – айыппұл 300 мың теңге". Тауға шығарда білу қажет 20 бап
Айыппұлдың ең үлкені 3 мың айлық есептік көрсеткішпен тең.Орманда, ерекше қорғалатын аумақтарда от жағуға, қоқыс тастауға болмайды. Десе де, Іле Алатауы мен Көлсай секілді ұлттық табиғи парк аумақтарында шашылып жатқан қоқысты, жағылған оттан қалған үйіндіні кездестіру оңай. Заң бұзғандардың кейбірі жазадан құтылып кетіп жатады. Қоқыс тастағандарға 30 мың, от жаққандарға 306 мың теңгеге дейін айыппұл көзделген. Ал заңсыз аң аулағандарға жаза тіпті қатаң. Олардың мүлкі тәркіленіп қана қоймай, 3 мың АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айырылады. Еске салайық, бір айлық есептік көрсеткіш биыл 3 063 теңгеге тең.
Табиғатты қорғайтын заңнамалар бар. Алайда оны екінің бірі біле бермейді. Осы орайда Informburo.kz табиғатқа зиян келтіргендерге қандай әкімшілік және қылмыстық жаза қолданылатынын тізіп шықты.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс
Кодексте 21-тарау "Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар" деп аталады.
138-бап. Арнаулы белгiлердi жою
Су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру:
- жеке тұлғаларға – 5 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 30 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
143-бап. Жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiне мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу
Қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн жануарлар дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану:
- жеке тұлғаларға – 10 АЕК;
- лауазымды адамдарға – 25 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 70 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Пайдаланылуына рұқсат алу талап етiлетiн өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн заңсыз пайдалану:
- жеке тұлғаларға – 10 АЕК;
- лауазымды адамдарға – 20 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 50 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
324-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарды бұзу
Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзғаны үшін ескерту жасауға немесе:
- жеке тұлғаларға – 10 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Оқи отырыңыз: "Ит етінен ас әзірлейтін дәмханаларды жабуды ұсынбақпыз". Тоқаевқа хат жазған Брижит Бардо қорының өкілімен сұхбат
367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу
Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу:
- жеке тұлғаларға – 10 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 50 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет (бұл әрекет ірі залал келтірмесе):
- жеке тұлғаларға – 25 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 45 АЕК;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 70 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мұндай әрекеттер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса:
- жеке тұлғаларға – 100 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 250 АЕК;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 400 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1 500 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
370-бап. Орман алқабын бүлдіру, заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты жинау
- орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру – ескерту немесе 2 АЕК айыппұл;
- ормандар мен орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю – ескерту немесе 3 АЕК айыппұл;
- дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз жинау – ескерту немесе 3 АЕК айыппұл;
- мұның бәрі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса – 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
372-бап. Орман фаунасын жою, қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау
Орман фаунасын жою немесе бүлдіру:
- жеке тұлғаларға – 5 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 10 АЕК;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 250 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Орманның қурап қалуына не ластануына әкеп соғатын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық шығарындылармен, қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру:
- жеке тұлғаларға – 5 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 35 АЕК;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 70 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 400 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, дренаж жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру – жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мұндай әрекеттер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса:
- жеке тұлғаларға – 10 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 55 АЕК;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 500 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Оқи отырыңыз: Елде жүздеген мың гектар орман жері ешкімнің атына бекітіп берілмеген
380-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу тәртiбiн бұзу
Жеке тұлғалар мемлекеттік:
- табиғи қорықтардың
- ұлттық табиғи парктердің
- табиғи резерваттардың
- табиғи парктердің аумақтарына арнайы рұқсатсыз және бару үшiн белгiленген орындардан тыс жерлерде болуы ескерту жасауға немесе 2 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
381-1-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
100 АЕК дейін залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау – заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып:
- жеке тұлғаларға – 100 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 300 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 400 АЕК;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1 000 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Мұндай әрекеттер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса немесе әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса:
- жеке тұлғаларға – 150 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 450 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 600 АЕК;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
382-бап. Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзу
Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және (немесе) аң аулау қағидаларын бұзу әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып:
- жеке тұлғаларға – 70 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 110 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 1000 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады.
Оқи отырыңыз: Сәкен Ділдәхмет: Киіктерден бөлек қасқырлардың азаюы үлкен мәселе болып отыр
384-бап. Балық, су жануарларын қорғау, өсімін молайту талаптарын бұзу
Су нысандарына радиоактивті және уытты заттарды, қатты, өндірістік, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды тастау және оларда көму, жерүсті су объектілерінің сапасын нашарлатуға әкеп соғатын басқа да қалдықтармен қоқыстау түрінде жасалған бұзушылық (бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса):
- жеке тұлғаларға – 10 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
387-бап. Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау
Ағаш кесілген жерлерді кесілген ағаш қалдықтарынан уақтылы тазартпау, орман соқпақтары мен кеспеағаш аймағына іргелес аумақтарды қоқыстау ескерту жасауға немесе:
- жеке тұлғаларға – 5 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 12 АЕК;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Мұндай әрекеттер ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалса:
- жеке тұлғаларға – 15 АЕК;
- лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 25 АЕК;
- орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 40 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 80 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
389-бап. Жабайы жануарлар мен өсімдіктерді заңсыз иемдену
Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) – жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып:
- жеке тұлғаларға – 10 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 70 мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұл әрекеттер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталанса – жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып:
- жеке тұлғаларға – 20 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 60 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК;
- iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 140 мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Оқи отырыңыз: Балықты рұқсатпен аулау үшін не істеу керек?
455-бап. ҚР жарнама туралы заңнамасын бұзу
Cыртқы (көрнекi) жарнаманы тарих пен мәдениет ескерткiштерiнде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат ғимараттарында және оларға бөлінген аумақ пен олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыр:
- жеке тұлғаларға – 35 АЕК;
- лауазымды адамдарға - 70 АЕК;
- шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Қылмыстық кодекс
Кодекстің 13-тарауында экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар жазылған.
335-бап. Балық, су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу
Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу, егер бұл іс-әрекет айтарлықтай залал келтіре отырып және жарылғыш немесе химиялық заттар, электр тогы не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерін жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерi қолданыла отырып жасалса:
- мүлкi тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 3 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға;
- не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады;
Мұндай іс-әрекеттерді:
- жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға, оның ішінде бекіре тұқымдас балық түрлеріне қатысты;
- уылдырық шашатын орындарда, басқа да су жануарларының көбею орындарында немесе ол жерге өріс аудару жолдарында;
- адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып;
- адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
- өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық ахуал аумақтарында жасалса –
мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мерзiмге айыра отырып, 6 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
337-бап. Заңсыз аңшылық
Заңсыз аң аулау (іс-әрекет айтарлықтай залал келтіре отырып жасалса):
- мүлкі тәркіленеді;
- белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айырылады;
- 3 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Егер де:
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аумақтарында;
- жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған;
- адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
- ірі залал келтіре отырып жасалған заңсыз аң аулау – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Оқи отырыңыз: Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енді. Бұл оны жойылып кетуден құтқара ма?
338-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу
Өндiрiстік процестердi жүзеге асыру немесе көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды немесе басқа да препараттарды қолдану кезінде жануарлар дүниесін қорғау қағидаларын жануарлар дүниесiнiң жаппай жойылуына немесе қырылуына әкеп соққан бұзу, сол сияқты аңшылық алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын пайдалану немесе қорғау тәртібін ірі залал келтірген бұзу:
- белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 3 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға;
- не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
339-бап. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, пайдалануға тыйым салынған өсiмдiктер мен жануарлармен заңсыз айналысу
Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын, оның ішінде олардың айналымы ҚР халықаралық шарттарымен реттелетін түрлерін, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою, сол сияқты олардың мекендейтін жерлерін жою:
- мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау:
- мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау
Орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау, сол сияқты орман дақылдарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттерді, өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндерді не қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау (айтарлықтай залал келтіре отырып):
- мүлкі тәркіленіп, 100 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау (айтарлықтай залал келтіре отырып):
- мүлкі тәркіленіп, 180 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 180 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 45 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Оқи отырыңыз: Тәуелсіз экошолушы: Киіктерді атуға мораторийді 2025 жылға дейін созу керек
341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды отты немесе өзге де қауіптілігі жоғары көздерді ұқыпсыз қолдану салдарынан жою немесе зақымдау, егер бұл іс-әрекет ірі залал келтірсе:
- мүлкі тәркіленіп, 2 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Орман қорына кіретін және кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды өрт қою жолымен немесе өзге де жалпыға бірдей қауiптi тәсілмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан жасалған қасақана жою немесе зақымдау:
- мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан бұзу:
- белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып;
- немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, 120 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 30 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан қасақана зақымдау немесе жою:
- белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, 3 000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.