13 сәуірден, яғни бүгіннен бастап Алматы және Нұр-Сұлтанда коронавирусты анықтайтын тегін экспресс-тестілеуден өтуге болады.

Тест "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасында жүргізіледі. Тестілеуден өту үшін үміткер:

  1. www.cdl.kz сайтында сауалнама толтыруы керек;
  2. Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологтары адамдардың эпидкөрсеткіштері негізінде іріктейді;
  3. бекітілген тізімдер "Олимп" клиникалық-диагностикалық зертханасына жіберіледі;
  4. бекітілген тізімдегі пациентке байланыс орталығының операторы хабарласып, қай жерге, қай уақытта келуі керектігін айтып, келушілерге қойылатын талаптар мен анализ тапсыру ережелерін түсіндіреді;
  5. оператор нұсқаған процедуралық кабинетке маска киіп, жеке куәлікті алып, кешікпей келу керек;
  6. кезекте тұрған адамдар бір-бірінен 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс;
  7. процедуралық кабинетте тіркеледі, кейін коронавирусқа экспресс-тест алынады;
  8. анализ қорытындысы сауалнамада көрсетілген поштаға жолданады.

Оқи отырыңыз: Жазғы ыстықта коронавирус жойыла ма? Вирусолог мамандардың зерттеуі

Тест тапсыру үшін келесілерді білу маңызды:

  • оператордың қоңырауынсыз, өз бетімен процедуралық кабинетке келуге болмайды;
  • пациенттің температурасы тепловизормен өлшенеді;
  • дене қызуы жоғары адамнан анализ алынбайды;
  • экспресс-тестілеу арнайы процедуралық кабинеттерде өткізіледі, ол жерде басқа анализдер алынбайды.
Бұл шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Оқи отырыңыз: Ауруханалар карантин режимінде қалай жұмыс істейді?



Сауалнамада не жазылған?

Сауалнама Қазақстанның бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26 қаулысымен бекітілген. Денсаулық сақтау министрлігі сауалнама толтырушылардың жеке мәліметтері сол адамның және жақындарының қауіпсіздігі үшін эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ғана қолданылатынын ескертеді.

Оқи отырыңыз: Коронавирус қаупі жағдайында қорқынышты қалай жеңуге болады? Психоаналитик кеңесі

Сауалнама толтырған пациент ерікті түрде жазбаша келісім береді:

  • зертханалық зерттеуге биоматериалдар (қан, жағындылар және т.б.) алуға;
  • дайындық және қажет болған жағдайда анестезиологиялық іс-шараларға.

Сауалнаманы толтыру сіздің экспресс тестілеуге міндетті түрде шақырылатыныңызды білдірмейді. Іріктеуді эпидемиологтар жүргізеді.

Оқи отырыңыз: Коронавирустан сақтанудың ең дұрыс тәсілдері. Инфографика

Сауалнамада сұралатын ақпарат:

1. ЖСН, тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, электронды поштаны, телефон нөмірін, облыс/республикалық маңызы бар қала, тұрғылықты мекенжайы туралы ақпарат толтырасыз.

2. Келесі санаттың бірін таңдау керек:

  • жедел жәрдем қызметіне жүгінген респираторлық белгілері бар науқас;
  • коронавирус жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкері (карантин объектілерінде, медицина стационарында);
  • стационарда жатқан созылмалы аурулармен ауыратын науқас;
  • стационар карантинінен шығатын тұлға;
  • үй карантинінен шығатын тұлға;
  • халықпен тығыз жұмыс істейтін және коронавирус жұқтыру қаупі жоғары құқық қорғау және сот органдарының қызметкері;
  • халықпен тығыз жұмыс істейтін және коронавирус жұқтыру қаупі жоғары қоғамдық көлік жүргізушісі, коммуналды қызмет жұмысшысы;
  • эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жалпы халық.

3. Жұмыс орны.

4. Қазіргі жағдайы: температура, ентігу, жөтел, бұлшықет ауруы, іш өту бар-жоғы туралы.

Оқи отырыңыз: #ҮйдеОтырыңыз. Карантин талаптарына қатысты 20 маңызды сұраққа жауап

5. Бастан өткерген симптомдар туралы:

  • ақпанда ЖРВИ-мен ауырдым;
  • наурызда ЖРВИ-мен ауырдым;
  • ЖРВИ-мен 14 күн бұрын ауырдым.

6. Соңғы үш айда барған елдер туралы: бірнеше елді таңдауға болады.

7. Басқа елден келген адамдармен байланысы туралы: олардың аты жөні, телефон нөмірі, елі. Мұнда да бірнеше адамды тіркеуге болады.

8. Созылмалы аурулардың болуы туралы: тізімнен бірнеше ауруды таңдауға болады.

Сауалнаманы сақтап, денсаулық сақтау министрлігіне жібересіз.