Қазақстандықтар жаңа жылды әдетте пост-кеңестік елдердің азаматтары сынды отбасымен қарсы алуды жөн көрсе, америкалықтар алып қалаларға барады. АҚШ-тың шығыс бөлігіне жақын штаттарда тұратындар Нью-Йорк қаласында жаңа жылды қарсы алуды жоспарласа, батыстықтар Лос-Анджелес қаласына аттанады. Ал орталық аймақтардағы америкалықтар, яғни мидвест штаттарының тұрғындары Чикагоға бет алады екен.

Әуе билеттері мен қонақ үй нөмірлерін брондау қызметін ұсынатын Skycanner атты онлайн платформасы 2020 жылдың қарсаңында сайт қолданушылары арасындағы ең танымал бағыттар тізімін жариялады. Олардың қатарында біз келген Чикаго қаласы үшінші орында тұр.


Чикаго қаржы орталығындағы ең қымбат қонақ үйлердің бірі The Trump Organization меншігіне жатады / Фото іnformburo.kz

Чикаго өзінің қақаған суығымен белгілі. Қаңтар айының ортасына қарай қысқы температура Мичиган көлінен соғатын желдің есебінен бірнеше есе өседі. Десе де, суық жел мен қалың қар туристердің жаңа жылды Чикаго көшелерінде қарсы алудан айыра алмайды.


Чикагодағы Линкольн атындағы саябақта қойылған жаңа жылдық шырша / Фото іnformburo.kz

Чикаго қаласының әкімдігі жыл сайын туристер санын тарту үшін түрлі концерттік бағдарламалар дайындап, ойын-сауық орталықтарының қызметін жақсартып отырады. Мысалы, өткен жылы алып қалаға 58 миллион турист келіпті. Ал жаңа жыл қарсаңы тағы да туристерді тартудың тағы бір себебі.

Оқи отырыңыз: Детройттағы қазақ: "Көліктер жүріп жатыр, демек тіршілік те бар"


Абраам Линкольн Иллинойс штаты тұрғындары арасында өте танымал / Фото іnformburo.kz

Кез келген алып қалалардағы жаңа жылдық бағдарламаға мән берсеңіз, ол отшашумен басталады. Чикаго әкімдігі де жыл сайын қала ішінен өтетін Чикаго өзені бойында және Мичиган көлінің жағасынан отшашу ұйымдастырады.


2020 жылының тышқан жылы екенін алып қаланың дүкендерінде сатылып жатқан кәдесыйлардан-ақ білесіз / Фото іnformburo.kz

Сол себепті де Чикагоның қаржы орталығындағы Миллениум саябағында түрлі концерттік бағдарламалар мен жаңа жылдық шоулар ұйымдастырылады. Сондай-ақ, туристер осы бақта тұрып, жаңа жылдық отшашуды тамашалай алады.


АҚШ-тың солтүстік-батысындағы алып қаланың туристер ең көп келетін саябағы Миллениум деп аталады / Фото іnformburo.kz

Оқи отырыңыз: Эльдорадо қазынасы мен Будда мүсіндері. Метрополитен өнер музейінен фоторепортаж


Миллениум саябағындағы ең танымал туристік нысан – Бұлтты қақпа (Cloud Gate). / Фото іnformburo.kz

Әрине, жаңа жыл қарсаңында ауа-райы минус температураның көрсетіп тұрғандықтан, жылы киінгеніңіз жөн. Десе де, жаңа жылдық көңіл-күй мен жақындармен бірге уақыт өткізетін сәттер суық температураны ұмытуға жетелейтіні анық.


The Bean (Үрмебұршақ) – Cloud Gate сәулет өнерінің тағы бір бейресми атауы / Фото іnformburo.kz

Оқи отырыңыз: "Model T"-ден Мустангқа дейін: Генри Форд жетістігінің сыры. Фоторепортаж


Бұлтты қақпа сәулет өнеріне 23 миллион АҚШ доллары кеткен. Құрушы сәулетші – Аниш Капур / Фото іnformburo.kz

Чикаго қаласының әкімдігі қала орталығында әлемдік деңгейде жаңа жылдық шоу бағдарламасын 2015 жылдан ұйымдастыра бастаған екен. Сол жылдан бері шоуды онлайн түрде тарату мүмкіндіктері де қарастырылыпты.

Мысалы, өткен жылғы бағдарламаның тікелей эфирден 1.66 миллион адам тамашалаған. Олар АҚШ-тың 39 штатынан және шет елдерден тіркелгендер екен.

Оқи отырыңыз: Motown, GM Renaissance және Belle Isle Park. Детройтта туристер баруға тиіс 7 жер


Танымал саябақтағы жаңа жылдық шырша / Фото Informburo.kz

Қала басшылығының туристерді тартатын бағдарламалар мен оларды танымал ету бойынша жасалып жатқан жобалары өз нәтижесін бере бастаған. Мысалы, жаңа жылды Чикагоның Миллениум саябағында қарсы алатындар саны өткен жылы 90 мыңға жеткен. Ал Kayak туристік онлайн қызметінің есебінше, жаңа жылды қарсу алуға ұшатын әлемдік қалалар тізімінде Чикаго ондыққа енген.


Миллениум саябағын қаржыландырған меценаттар есімдері жазылған арка / Фото іnformburo.kz


АҚШ-тың 16-шы президенті Абраам Линкольн өзінің саяси мансабын Иллиойс штатында бастаған / Фото іnformburo.kz

Оқи отырыңыз: Нью-Йорктегі туристер көп келетін көрікті мекендер. Фоторепортаж

Жаңа жыл қарсаңында алып қаладағы қонақ үйлер мен ресторандан өздерінің жеке бағдарламаларын жариялайды. Өз қызығушылығыңызға қарай таңдау жасай аласыз. Бағалары да қолжетімді.


Чикаго қаласында ертеректе салынған ескі ғимараттардың бірі Симфония орталығының кіреберісі / Фото іnformburo.kz

Миллениум саябағы мен Чикаго өзенінің бойында отшашуды тамашалау тегін. Ал сізге джаз ұнаса, The Green Mill дәмханасына баруға кеңес береміз. Әр адамға кіру құны 30 АҚШ долларынан басталады.


Чикаго өнер институты / Фото іnformburo.kz


Чикагодағы қаржы институттары орналасқан көше атауы / Фото іnformburo.kz

Ал билейтін ортасы бар жастарға да жаңа жылды қарсы алатын орталықтар бар. Мысалы, Чикагодағы ең танымал Париж түнгі клубы таңғы уақытқа дейін жұмыс істейді.


Чикаго туннельдерінен жылы орын іздеген үйсіз адамдар / Фото іnformburo.kz

Чикагодағы туристер арасында жаңа жылды Лас-Вегас стилінде қарсы алғысы келетіндер де бар екен. Мұндай сұранысты Дрейк қонақ үйі жыл сайын ұйымдастырады.


Суық көшеде садақа сұраған үйсіз / Фото іnformburo.kz


Аяз ата мен эльфтер мінген жаңа жылдық автобус / Фото іnformburo.kz

Жоғарыда айтқанымыздай, Чикагоның өзге бейресми атауы – "желді қала". Сондықтан, қаланың биік ғимараттары көбірек шоғырланған қаржы орталығы аймағында ғана жаяу жүргіншілерді кездестіресіз. Ал қаланың басқа бөліктері, әсіресе, түнгі уақытта бос қалған сияқты көрінеді. Бірақ көлік және қоғамдық транспорт қозғалысы тоқтаған емес.


Алып қаладағы биік ғимараттардың тағы бірі / Фото іnformburo.kz


Чикаго қаржы орталығындағы мына жалаулардың желбіреуінен желдің қаншалықты суық екенін байқауға болады / Фото іnformburo.kz

Чикаго биік ғимараттар қаласы деп те атайды. Себебі, мұнда 300-ге жуық биік ғимарат бар екен. Ал олардың үстінен қарау әрбір туристке қызық болары анық. Сол үшін де келушілердің көп бөлігі Уиллис Тауэр ғимаратындағы SkyDeck көрінісіне барады. Кіру бағасы – $24.


Джон Хенкок атындағы ғимаратының 96-қабатынан көрініс / Фото іnformburo.kz

Ал дәл сондай көріністі тегін көргіңіз келсе, онда сізге Джон Хенкок ғимаратына бару қажет. Ғимараттың 96-қабатында орналасқан The Signature Room барына тегін кіріп, жоғарыдағы суреттегідей тамаша көріністі тамашалай аласыз. Ал бұл көрініспен жаңа жылды қарсы алғыңыз келсе, әр адам басына кіру бағасы 30 АҚШ долларынан басталады. Бұл сомаға бардың авторлық коктейлі кірген.