Астанада көшеден ит-мысық асырап алуға болмайды. Әкімшілік жазаға тартылуыңыз мүмкін
–Ереже бойынша паналау орталығында ит немесе мысықты 60 күн ғана ұстауға ғана рұқсат. Одан соң асырауға беру керек.
Осы мақсатта жәрмеңке ұйымдастырып тұрамыз, – дейді Нұр-Сұлтан қаласының орта сапасы және бақылау басқармасының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова.
Оқи отырыңыз: Мысықтарға арналған дәмхана мен қонақ үй Астанада ашылды (фоторепортаж)
Неге 60 күн?
– Еліміздің азаматтық кодексі бойынша иесіз мүлікке екі ай ішінде ешкім қол сұға алмайды. Бұл заң қаңғыбас иттерге де қатысты. Сондықтан қараусыз көше кезіп жүрген ит-мысық мұнда 60 күн қамауда болады. Осы аралықта иесі табылмаса, әрі қарайғы тағдыры шешіледі, – дейді Дана Тұрғынова.
Оқи отырыңыз: Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері. Біз күнделікті неге мән бермейміз?
12 жасар Рината 5 ит, бір мысық пен кесірткені асырап алған
Ол волонтерлік ісін мектебінің іргесіндегі компью
Ол волонтерлік ісін мектебінің іргесіндегі компьютерлік клубта пайда болған иесіз мысыққа қараудан бастаған.
– Оның құйрығы жаншылған. Балалардың оны ойыншыққа айналдырып, лақтырып ойнап жүргені маған ұнамады, – дейді Рината.
Оқи отырыңыз: Қар барысы қолға үйретіледі. Жоғалу қаупі бар жыртқышты сақтау үшін тағы қандай шаралар қолға алынды?
– Мен әлеуметтік желідегі волонтерлерге хабарластым, солардың көмегі арқылы емдеттім. Жарасы асқынып кеткен екен. Омыртқасына қарай кетіп қалмасын деп құйрығын кесіп тастады. Екі айдан соң басқа бір кісілер асырап алды.
Бір итті біздің аулаға келіп жүрген жерінен асырап алдық. Үсті-басы кене, аштықтан бұратылып қалған. Екіншісін атуға бір күн қалғанда алып кеттік. Ауруы бар ма, қауіпті емес пе деп алғашында жүрексіндік, сонда да әкем ауланы күзетсін деп алды, – дейді Рината.
Оқи отырыңыз: "Ит етінен ас әзірлейтін дәмханаларды жабуды ұсынбақпыз". Тоқаевқа хат жазған Брижит Бардо қорының өкілімен сұхбат
Ринатаның волонтерлік қызметін анасы қолдайды
Әкесі болса далада қаңғып жүрген жануардан ауру жұғады деп қорқады.
"Жалпы үй жануарын арнайы паналау орталықтарынан асырап алған дұрыс. Өйткені көшедегі жануардың ойда жоқта иесі табыла қалса, сізге біреудің мүлігін иемденіп алғаныңыз үшін айып тағылуы мүмкін" дейді волонтер.
Ит пен мысық балаларға ойыншық сияқты
Дана Тұрғынованың айтуынша, қаңғыбас ит пен мысық ата-ананың жауапкершілігінің аздығынан көбейеді.Бір итті біздің аулаға келіп жүрген жерінен асырап алдық. Үсті-басы кене, аштықтан бұратылып қалған. Екіншісін атуға бір күн қалғанда алып кеттік. Ауруы бар ма, қауіпті емес пе деп алғашында жүрексіндік, сонда да әкем ауланы күзетсін деп алды, – дейді Рината.
Оқи отырыңыз: Киесі бар, иесі жоқ түйе
– Баласы қызықса асырап ала салады. Ал бала оған тек ойыншық ретінде қарайды. Қызығы басылған соң далаға қаңғытып жібере салады. Сондықтан қазір асырап алушылар келісімшартқа қол қояды, – дейді ол.
Оқи отырыңыз: Тұран жолбарысын "тірілте" аламыз ба?
Келісімшарт бойынша нақты әкімшілік жаза қолданылмайды, мақсат – жануарды асырап алғаннан кейінгі жауапкершілікті міндеттеп, сезіндіру. Егер, ол ит пен мысықты біз тауып алсақ, оларды асыраушысына екінші рет жануар берілмейді, дейді Дана Тұрғынова.
Оқи отырыңыз: Балықты рұқсатпен аулау үшін не істеу керек?
Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
Ит пен мысықтарды ветеринарлық клиникаларда, Нұр-Сұлтан қаласының ауыл шаруашылық және үй жануарларын тіркеу мекемесінде тізімдік есепке алып, компьютерлік базаға енгізу керек.
Әрбір тіркеудегі үй жануарларына бірыңғай реттік нөмір беріледі, бұл реттік сан оның бүкіл өмір сүру кезеңінде сақталады. Ит пен мысықты тіркеу барысында иелерінің есебінен ветеринарлық құжат және белгіленген үлгіге сәйкес реттік нөмірі бар жетон беріледі.
Оқи отырыңыз: Қасқыр торыған ауыл. Қасқыр туралы ырым-танымдар
Астанадағы паналау орталығынан ит-мысық асырап алғысы келгендер жауапкершілік туралы келісімшартқа қол қойып, ветеринарлық паспорт алады.
Балаларға және 16 жасқа толмаған жас өспірімдерге, сонымен қатар денсаулық жағдайы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайтын азаматтарға қабаған иттерді серуенге шығаруға рұқсат берілмейді.
Оқи отырыңыз: Қарақоңыз – дара қоңыз
Төнетін қауіп-қатер болмаса, иелері ит-мысықтарды ұстау туралы ережені қатаң сақтауы тиіс. Осы мақсатта Астана қаласының мәслихаты енгізген "Жануарларды ұстау туралы" ереже бар.
Итті серуенге шығарғанда:
Иттердің мінез-құлқы мен қала жағдайына бейімделуін бақылау мақсатында қызметтік және аң аулауға үйретілгендерін иелері Астана қаласының кинологиялық клубтарындағы "Қала жағдайында ұсталатын ит" деген сынақ курсынан өтуі қажет.
Иттерді тұмылдырық кигізіп (декоративті түрінен басқа) және қысқа (1,5 метрге дейін) қарғыбауымен қоршаған ортаға ешқандай қолайсыздық келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға болады.
Иттерді тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында, жергілікті атқарушы органдары, пәтер иелері кооперативтері бекіткен еркін серуен алаңдарында тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз жіберуге болады.
Иттердің иелері әрдайым иттің мойнына аты, түрі, иесінің мекен-жайы мен телефондары көрсетілген жетон бекітілген қарғыбау тағуы керек. Иесінің тілегі бойынша жетонда итке қатысты басқа да мәлімет болуы мүмкін.
Қалалық қоғамдық көліктердің артқы алаңдарында, жолаушылардың мазасын алмайтындай қылып, иттерді тасымалдауға болады.
Иттердің декоративті түрлерін және мысықтарды сөмкеде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерде), қолда алып тасымалдауға болады. Науқас иттер мен мысықтарды қоғамдық көлікте тасымалдауға жол берілмейді.
Иттер мен мысық иелеріне қойылатын талаптар:
- Иттер мен мысықтардың қоршаған ортаға қолайсыздық келтірмеуін және қауіпсіздік тудырмауын қадағалау;
- Тұрғын үй-жайларда тыныштықты қамтамасыз ету;
- Алаңдарды, кіреберістерді, сатылық торларды, лифтілерді, балалар алаңдарын, жолдарды, тротуар, шағын гүлбақтарды, демалыс аумақтарын ластамауын қадағалау, ал ластанған жағдайда міндетті түрде жедел тазалауға міндетті.
- Жануарларды түрлеріне қарай зоотехникалық, зоогигиеналық және ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес ұстау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Иттер мен мысықтардың биологиялық қажеттіліктеріне сай ұстау, оларға ізгілікті қарау, қараусыз қалдырмау, өздерінің жануарларына қажеттілігіне қарай тамақ беру, таза су ішуге жағдай жасау, ұрмау.
- Талаа бойынша ветеринариялық мекеме мамандарына бақылау үшін, диагностикалық зерттеу және емдеуге, аурулың алдын-алу шараларын жүргізуіне бөгет келтірмей, ит пен мысықтарды апарып берулері керек.
- Иттер мен мысықтарды жыл сайын екі, үш айлық мерзімінен бастап ветеринариялық емханаларға бақылау үшін, құтырма ауруына және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы алдын алу шараларын жасатуға әкеліп отыру, ветеринарлық құжатына жазбаларды белгілеп отыру.
- Жүйелі түрде, тоқсанына кемінде бір рет иттер мен мысықтарға құрттарға және тері паразиттеріне қарсы ектіріп отыруы керек;
- Иттер мен мысықтар ауырғанда немесе ауырды деп күдіктенгенде жедел түрде ветеринарлық мекемелерге хабарласу, тексерістердің қорытындысы бойынша мамандардың ұсыныстарын мүлтіксіз орындау;
- Ит немесе мысықты одан әрі ұстауға мүмкіндік болмаған жағдайда оны басқа тұлғаға, жануарларды қорғау мекемелеріне беруге немесе ветеринариялық мекемеге тапсыруға міндеттісіз.
- Үй жануары өліп қалса немесе құтыру ауруына шалдығу белгілері пайда болса, жедел ветеринарлық мекемелерге хабарлау қажет және ол жануарларды ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшаулау керек.
- Ит немесе мысық белгісіз себептермен өліп қалса, ветеринарлық мекемелерге немесе лицензияланған ветеринарлық дәрігерлерге өлу себептерін анықтау үшін хабарласу қажет.