Биыл 1 тамыздағы жағдай бойынша 13 569 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы, яғни 55,2%-ы – Өзбекстаннан, 19,2%-ы – Қытайдан, 9,8%-ы – Моңғолиядан , 8,6%-ы – Ресейден, 5%-ы – Түрікменстаннан және 2,3%-ы – басқа елдерден.
"Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны – 63% , еңбекке қабілетті жастан кіші – 28,4% және зейнеткерлер – 8,6%. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 36%-ы орта кәсіби білімді, 39,9%-ы жалпы орта білімді", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Қоныс аударған этникалық қазақтар кләсәздәі түрлі өңірлеріне қоныстанды. Мысалы, Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Жыл басынан бері 653 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 431 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 653 адам біржолғы субсидия алды, ал 334 қандасқа тұрғын үй шығындары субсидияланды.
Оқи отырыңыз: Қандас мәртебесін қалай алуға болады? Шеттегі қазақтарға арналған нұсқаулық.