Қазіргі заманғы клиникалық хаттамаларға сәйкес қысымды бірте-бірте төмендету ұсынылады.
Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығы науқастың қан қысымы күрт жоғарылаған жағдайда оны қалыпты көрсеткішке дейін бірден төмендету қажет деген пікірдің қате екенін хабарлады.
"Қан қысымы күрт төмендегенде мидың және жүректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды, бұл өз кезегінде, қанағымының жүдеу нәтижесінде аталған органдарда өзгерістердің дамуына әкеледі. Бұдан инсульт немесе миокард инфаркты болуы мүмкін. Егде жастағы адамдарда қысымның төмендеуі аса қауіпті, өйткені олардың қан тамырларының серпімділігі төмен және олар қан қысымының күрт "айырмашылықтарына" нашар бейімделген", – деп хабарлады қауымдастық дәрігерлері.
Оқи отырыңыз:
- Қан қысымы тұрақты болуы үшін не істеу керек? Дәрігер кеңесі
- Қан тамыры қысымы ауруынан қалай сақтану керек және оның алдын алу жолдары қандай?
- Қандағы гемоглобин деңгейін көтеру үшін не жеген пайдалы?
Қазіргі заманғы клиникалық хаттамаларға сәйкес қысымды бірте-бірте, яғни 12-24 сағат ішінде қысымның бастапқы сандардан орта есеппен 15-25%-ға төмендету ұсынылады. Аталған әсерге таблеткалық препараттардың есебінен қол жеткізеді. Инъекциялық препараттар, әдетте, қысымды төмендетуге әлдеқайда жылдам ықпал етеді, тиісінше оларды қолдану жоғарыда аталған қауіптерге әкеледі. Әрине, қысымды өте жедел уақытта төмендетуге қажет болатын жай-күйлер де болады.
Есіңізде болсын! Дұрыс емдеу тактикасын тек дәрігер анықтайды.
Қысым жоғарылаған жағдайда қандай шара қолданған дұрыс?
Егер сіздің қысымыңыз күрт төмендесе және сіздің жай-күйіңіз нашарласа, онда бірінші кезекте жедел жәрдем шақырыңыз, оның келуіне дейін тіл астына 25 мг дозада каптоприлді салып, оның толық еруіне дейін сорып алу немесе шайнау қажет. Егер қол астында жоғарыда аталған препарат жоқ болса, дереу тұрақты негізде қабылдайтын гипотензивті препараттың дәрісін ішу қажет.
Осындай жағдайларда жиі қысқа мерзімде әрекет ететін нифедиципин дәрі қолданылады. Қайталап айтамын, бұл препаратқа ерекше сақтықпен қарау қажет және мүмкіндігінше одан аулақ болу қажет. Препарат қысқа мерзімде күтілетін тиімділікке әкелсе де, оның әрекет ету уақыты да кемшілік болып табылады, себебі ол қысымның күрт төмендеуіне және осыдан туындайтын барлық қауіпті салдарларына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл препарат қысқа мерзімде әрекет етеді және оның әрекеті тоқтағанда қысым күрт жоғарылауы мүмкін.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
351
-
0
-
0
-
-
2⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
332
-
0
-
5
-
-
3🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
309
-
0
-
5
-
-
4✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
301
-
1
-
2
-
-
5👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
255
-
0
-
4
-
-
6Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
239
-
0
-
0
-
-
7🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
242
-
0
-
2
-
-
8⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
259
-
0
-
0
-
-
9😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
252
-
0
-
1
-
-
10🎾 Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапты?
-
281
-
0
-
0
-