Тікелей эфир

Қан қысымын қалай реттеуге болады? Дәрігер кеңесі

Қан қысымымен байланысты ауруларды үйде емдеуге болмайды.

Дәрігер Қуанышбек Дәулетбаев қан қысымын қалпына келтіретін кеңестер берді. Маманның айтуынша, шылым шегу, аз қимылдап, көп тамақтану, майлы және тәтті тағамдарды жеу қан қысымының жоғарылауына алып келеді. Ал қан қысымының жоғарылауы өз кезегінде жүрек, ми, көз, бүйрек жұмысын бұзады. 

"Қан қысымымен байланысты ауруларды үйде емдеуге болмайды. Себебі, дәрігер адамның нақты қай ауруға шалдыққанын анықтауға көмектеседі. Егер "екіншілік қан қысымы" болса, бұл науқастың бұдан өзге ауруға шалдыққанын білдіреді. Яғни қан қысымын сол ауруды емдеу арқылы ғана реттей аламыз. Ал бірінші түрі тікелей қан қысымының көтерілуімен байланысты", – деді Қуанышбек Дәулетбаев. 


Оқи отырыңыз: МӘМС: Кімдер тісін тегін емдете алады?


Сондай-ақ, ол қан қысымын реттеуге арналған кеңестер берді:

  1. Дәрігер қан қысымын емдеу үшін дәріні ұзақ мерзімге жазып береді. Денсаулық жақсарған соң дәрі ішуді тоқтатпай, оны дәрігер айтқан мерзімге дейін ішу қажет. Еш жеріңіз ауырмаса да, 3-6-9 ай сайын ауруханаға барып тексерілу және күнделік бастап, сол жерге сағат сайын қан қысымының қалай өзгеретінін жазып отыру маңызды.
  2. Қан қысымын емдейтін жүзге жуық дәрі бар. Бірақ оның әрқайсысы барлық адамға жарай бермейді. Кейбіреуінде аллергия басталуы мүмкін. Сондықтан дәріні тек дәрігер кеңесімен таңдау керек.
  3. Күнделікті рациондағы тұз мөлшерін азайту. Өйткені, тұз ағзада судың көп жиналуына әсер етеді. Ал су өз кезегінде қан қысымын көтереді. Кептірілген балық, қуырылған ет, кәуап жеуге болмайды.
  4. Өмірде әртүрлі жағдайға байланысты болатын күйзелісті азайту.
  5. Күнделікті кем дегенде 30-40 минут жаяу жүру. Мысалы, екі аялдама ерте түсіп қалып жұмысқа жаяу баруға болады.
  6. Шылым шегу мен ішімдік ішуді тоқтату. Қан қысымымен қиындық бар кезде артық салмақ қосуға болмайды. Бұл емдеу процесін тежейді.  
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары