Тікелей эфир

Ұялы телефондарды міндетті тіркеу: нені білген маңызды?

Азғантай уақытқа ғана пайдаланылатын болса да, әр телефон белгілі бір адамға рәсімделуі тиіс.

"Байланыс туралы" заңға сәйкес әрбір абонент ұялы байланыс операторына өзінің ЖСН мен құрылғының IMEI-кодын жіберуге міндетті. 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелмеген мобильді құрылғылар байланыстан ажыратылады. Телефондарды тіркеу ережесін Ақпарат және байланыс министрлігі бекітті және ол жалпыға ортақ. Қазір барлық байланыс операторлары құрылғыларды тіркеудің тәртібін жариялады. Informburo.kz бұл мәселеге қатысты нені білу маңызды екенін тарқатып айтып береді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұялы телефонды ұрланудан қорғайтын бағдарлама әзірленді

1. Құрылғыларды тіркеу қажеттілігі неден туындады?

2017 жылдың басында Ақпарат және байланыс министрі "Казахстанская правда" газетіне берген сұқбатында "мобильді телефондарды тіркеу – заңнамалық өзгерістер аясында қабылданған елдегі экстремизм мен терроризммен күреске бағытталған шара" деп мәлімдеді.

Алғашында құрылғылардың тек IMEI-кодтарын жинау ғана жоспарланған еді, алайда кейін нарықта мұндай кодтары бір-біріне ұқсас телефондардың барлығы анықталды. Тіркеу тиімді болу үшін құрылғының IMEI-кодын телефон иесінің ЖСН мен нөміріне бекіту қажет деп шешілді. Уәкілетті органның айтуынша, жаңашылдық енгізілгеннен кейін телефон ұрлығы мүлдем болмайды, өйткені басқа адам бөтен құрылғыны тіптен пайдалана алмайды.

Оқи отырыңыз: Тіркелмеген ұялы телефондар біртіндеп байланыстан ажыратылады

2. Қандай жағдайларда телефондарды тіркеудің қажеті жоқ?

Еліміздің аумағында мобильді байланыстың барлық тұтынушылары телефондарын тіркеуге міндетті. Ал, тіркеуді қажет етпейтіндер Қазақстанда роумингте жүрген ұялы байланыс құралдары ғана. Ал, аз ғана уақытқа пайдалану үшін қазақстандық байланыс операторларының бірінен SIM-карта сатып алған туристердің барлығына телефондарын тіркеу қажет болады. ЖСН орнына шетелдіктер төлқұжат нөмірлерін ұсынады.

3.Тіркеу процедурасының мәні неде?

Телефондарды тіркеу тегін. Жалпы ережеге сәйкес оны екі тәсілмен жасауға болады: мобильді байланыс компаниясының кеңсесіне барып немесе құрылғы арқылы кез келген жерден. Бастысы қажетті мәліметтер толықтай ұсынылса болғаны: жеке тұлғадан ЖСН, заңды тұлғадан – БСН, бұдан бөлек телефонның сәйкестендіру коды мен абоненттік нөмір.

Оқи отырыңыз: Мобильді телефондарды тіркеуді міндеттеу ұрлықты азайта ма?

Жеке тұлғалар үшін телефонды тіркеу не қайта тіркеуге 4 жұмыс сағат уақыт керек, ал заңды тұлғаларға бұл процес 8 жұмыс сағатына дейін созылуы мүмкін. Мерзім мәліметтер жолданған уақыттан бастап есептеледі.

Қажетті қызметтерді қоспағанда, тіркеу уақытында байланыс ажыратылады. Ал, ол қызметтер байланыс операторымен анықталады.

Абоненттік нөмір құрылғыны пайдаланатын адамның атына рәсімделуі тиіс. Құрылғыны отбасындағы басқа адамның атына тіркеуге тыйым салынған. Егер телефон бұзылып, жөнделгенше абонент басқа бір құрылғыны пайдалануға бел байласа, оны да тіркеу қажет. Мұндай жағдайда жөндеуге берілген телефонды алдын ала тіркеуден алып тастау керек.

4. Әр түрлі байланыс операторларының абоненттеріне қалай тіркелу қажет?

Әр компанияның кеңсесінде бұл туралы клиенттерге толығырақ түсіндіретін мамандар бар. Біз өз бетімен телефондарын тіркеуші азаматтарға бұл рәсімнің қалай жасалатынын төменде түсіндіреміз.

Оқи отырыңыз: Ұрланған Айфондар базарда 15 мыңнан сатылып жатыр. Жоғалған телефонды іздеймін десеңіз...

Beeline

Beeline операторы жүйесіндегі телефондар 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін жергілікті желіде автоматты түрде тіркеледі және сәйкестендіру кодының деректер базасына жолданады. Автоматты түрде дегеніміз, оператор базаға жолданатын ЖСН, MSISDN (абоненттік нөмір) және құрылғының IMEI-кодын өзінің желісінде көре алады.

Абонент өз құрылғысының тіркелгенін, ЖСН-ді тексергені жеткілікті. Егер ЖСН болмаса, базаға енгізу үшін операторға хабарлауы қажет. Телефоны тіркелген-тіркелмегенін Beeline нөмірінен *835# теріп, қоңырау шалу батырмасын басу керек. Жауап ретінде абонентке мобильді операторда бар мәліметтер жазылған SMS келеді.

Төмендегідей тәсілдердің бірімен телефонды тіркеуге де болады:

  1. Beeline нөмірінен 6914 қысқа нөміріне өз ЖСН (12 сан) жіберу;
  2. *691# командасын теру;
  3. 6914 нөміріне қоңырау шалу. Жұмыс кестесі: 09:00 – 01:00;
  4. "Мой Beeline" қосымшасына өз ЖСН жіберу;
  5. QIWI терминалдары арқылы бірлік толтыру кезінде мәліметтерді жіберу.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар жаппай доллар сатып алып жатыр. Теңгені АҚШ валютасына айырбастаушылар қай өңірде көп?

Tele2 және Altel

Tele2 мен "Алтел" телефондарды тіркеудің бірнеше тәсілін ұсынды:

  • Tele2 нөмірінен 6914 қысқа нөміріне өз ЖСН жіберу;
  • *6914# командасын теру;
  • Tele2 байланыс салонына жүгіну;
  • Өз ЖСН арнайы параққа теріп, http://imei.altel.kz или http://imei.tele2.kz интернет-ресурсына "жіберу" батырмасымен жолдау. Осы сайттарды ашқанда Теле2 және "Алтел"-дің мәліметтерді беру жүйесі арқылы абоненттік нөмір автоматты түрде анықталады.

Нөмірдің атында қандай IMEI-коды тіркелгенін білу мақсатында *6914# командасын теру керек. Тіркеудің дұрыстығын *835# командасы арқылы не болмаса оператордың сайтындағы жеке кабинетте тексеруге болады.

Құрылғыны қайта тіркеу және тіркеулен шығару үшін Теле2 мен "Алтел" байланыс салондарына жүгіну қажет.

Оқи отырыңыз: 14 жасар қазақстандық вундеркинд жаңа құрылғысын ЭКСПО-ға әкеледі

Kcell және Activ

Kcell мен Activ операторларының телефондарын тіркеудің екі тәсілі бар. SMS арқылы ЖСН жолдау және USSD-командасы арқылы.

Ең қарапайым тәсілі – SMS арқылы тіркеу. Абоненттерге 6006 нөмірінен телефонды тіркеуге қатысты ақпарат келеді. Оған жауап ретінде өз ЖСН жолдау қажет. Не болмаса өзі 6006 нөміріне ЖСН нөмірін SMS-пен жолдай алады. Бұдан соң оған тіркеу үшін ақпарат қабылданғаны туралы хабарлама келеді.

Екінші тәсілі – телефонда *660# USSD-командасын теріп, қоңырау шалу тетігін басу. Әрі қарай ашылған парақшаға ЖСН енгізіп, "Жіберу" батырмасын басу қажет.

Планшеттер, ақылды сағаттар, мәселен Apple Watch, балалардың GPS-сағаттары, модемдер, роутерлердің бәрін тіркеу міндетті. Кселл абоненттері мұны kcell.kz және activ.kz сайттарындағы жеке кабинеттерде жасай алады.

Мақаланың орыс тіліндегі нұсқасын оқи отырыңыз: Обязательная регистрация мобильных телефонов: что важно знать?

5. Балалар мен жасөспірімдердің құрылғыларын қалай тіркеуге болады?

Егер телефон иесі 14 жасқа толмаған болса бұл рәсімді оның атынан басқа заңды өкіл жасауы қажет. Ал, 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрылғыларын ата-аналары немесе асыраушыларының рұқсатымен ғана тіркей алады.

6. Байланыс операторы абонетті тіркеуден бас тарта ала ма?

Иә, төмендегідей жағдайда:

  • Егер телефонның сәйкестендіру коды базада басқа адамның атында тіркелген болса;
  • Егер абоненттік нөмір басқа біреудің атында тіркелсе.

7. Екі нөмірі бар телефон иелері үшін

Екі сим картасы бар құрылғының екі IMEI-коды болады. Олардың екеуінде тіркеу міндетті саналады. Яғни телефонды екі мәрте тіркеуге тура келеді: әр операторға бөлек. Егер құрылғыдағы бір нөмір ғана тіркелсе, екіншісі байланыстан ажыратылады. Егер екі симкалы құрылғыда бір сәйкестендіру коды болса, қайталанған болып табылады. Сондықтан оларды биылғы жылы тіркеу ұсынылады, өйткені 2019 жылы кодтары қате не қайталанған құрылғылар тіркеуге жатпайды.

Оқи отырыңыз: Электрондық балабақша: ЭЦҚ болмаса, смартфон арқылы балабақша кезегіне қалай қоюға болады? Қандай артықшылықтары бар?

Егер екі симкалы телефонда бір ғана абоненттік нөмір болса, ЖСН мен абоненттік нөмірді көрсетумен құрылғының барлық сәйкестендіру коды тіркелуі тиіс. Бір нөмірдегі әртүрлі кодтың санына заңнамамен шектеу қойылмаған.

8. Тіркеу мерзімі қашан аяқталады?

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттердің бәрі байланыс қызметінен біртіндеп ажыратылады.

9. Тіркелген телефонды басқа абонент пайдалана ала ма?

Жаңа иесі құрылғыны пайдалану үшін оны қайта тіркетуі қажет. Бұл үшін телефонның алдыңғы иесінен рұқсат алады: ауызша немесе құжаттай растама. Одан соң жаңа иесінен тіркеуге өтінім қабылданады. Бұл – Қазақстандағы телефон ұрлығын жоюдың бірден бір тәсілі болмақшы. Өйткені, алдыңғы иесінің келісімінсіз басқа адам құрылғыны пайдалана алмайды.

Егер телефонды пайдаланбайтын болса, оны тіркеуден шығара алады. Бұл үшін компанияға жазбаша түрде өтінім қалдыру қажет. Тіркеуден шығару рәсімі жеке тұлғалар үшін 4 жұмыс сағатына дейін, заңды тұлғалар үшін 8 жұмыс сағатына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Авторы Игорь Мосунов.

Аударған Мәншүк Шапхатқызы.

Поделиться:

Серіктестер жаңалықтары