Қазақстандықтардың 13 пайызы "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" жүйесі арқылы пәтер алған
Биылғы жылы пәтер саудасы 15%-ға өскен. "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" былтыр мен биыл 9 айда 54,6 мың қарыз берген. Баспана алған әрбір бесінші адам ипотеканы "Нұрлы жер" бағдарламасымен рәсімдеген.
Алматы тұрғындары ауыз су мен кәріз жүйесіне 13 млн теңге төлемеген
Қалада 9 мыңнан астам үй иесі коммуналдық төлемдер үшін қарызға белшесінен батқан. Мекеме қызметкерлері қарызы екі мың теңгеден асқандардың барлығын ауыз су мен кәріз жүйесінен ажыратуға кірісіп кетті.
Доллар 6 теңгеге арзандады
KASE-тің таңертеңгілік сауда сессиясында АҚШ валютасы 370,05 теңгеге бағаланды. Теңге төл мейрамында бүгін бірден 6 теңгеге нығайды.
2019 жылы науқас балаларға инсулин помпасы тегін беріледі
18 жасқа дейінгі қант диабетінің 1-ші типімен ауыратын балаларға 180 млн теңгеден астам сомаға 350 помпа сатып алынады. 2012-2016 жылдарда Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында 1400 бала инсулин помпасын ақысыз алды.
Жыл басынан бері 35 әкім мен оның орынбасарлары қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұқарамен байланыс департаменті директоры А.Бердалиннің мәліметінше, оның 1-уі – облыстың, 6-ы – ауданның, 5-уі – қаланың, 23-і – ауылдық елді-мекендердің әкімдері. Жемқорлыққа жол беретіндердің басым бөлігі – әкімдіктің (213), ішкі істер органдарының (176) мен Мемлекеттік кірістер комитетінің (43) қызметкерлері болып шықты. Биылғы жылдың 10 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2 361 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.
Қазақстанда алғаш рет ұялы телефондарды ұрланудан сақтайтын бағдарлама әзірленді
Телефонды сақтандыру мүмкіндігі ең бірінші Beeline абоненттеріне берілді. Оларға телефонның құнына байланысты бірнеше сақтандыру пакеттері ұсынылған. Егер телефон 50 мыңнан қымбат болмаса сақтандыру үшін айына – 160 теңге, 150 мыңға дейінгі телефондар үшін – айына 300 теңге, 350 мың шамасындағы телефондар үшін айына – 660 теңге төлеу керек. Төлем ай сайын баланстан шегеріліп отырады. Қызметті іске қосу үшін nomad.beeline.kz сайтына кіріп, мәліметтерді толтыру керек, бұдан соң сақтандыру сертификаты электронды поштаға жолданады.
Қарағандылық баланы XIX ғасырға тіркеп жіберген
Қазақстандық БАҚ не жазды:
Inform.kz: Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді. Лондондағы ICE Futures биржасында желтоқсанда жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерсрі 0,51 долларға көтеріліп, 65,86 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) желтоқсан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерсі барреліне 0,56 долларға өсіп, 56,25 долларды болды.
Baq.kz: Қазақстанда ВИЧ инфекциясы ең көп тараған аймақтар анықталды. Ақтау, Атырау, Қызылорда ВИЧ инфекциясы аз таралған аймақтарға жатады. Ол жақта бұған қатысты орташа есеппен бар болғаны 3% құрайды. Қостанай, Жамбыл орблыстарында ВИЧ дертінің таралуы орташа. Ал, ең көп тараған аймақтар – Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы, Астана қалалары.
Тengrinews.kz: Бір бөлмелі пәтерде тұру дензаулыққа зиян. Психолог Анна Гарштың айтуынша, тар үйде тұрған адамдардың зауқы болмай, күйзеліске жиі ұшырайды екен. Үйдің тарлығы артық салмақ жинауға әсерін тигізеді. Маманның айтуынша, бір бөлмелі пәтерде тұратын балалар өз құрдастарымен араласқысы келмейді, оқу үлгерімі жақсы болмайды. Психолог бір бөлмелі пәтерде екі адамға ғана тұруға болады деп кеңес береді. Дәрігер-терапевт Анна Демьяненконың сөзіне сүйенсек, тар пәтерде таза ауа үнемі жеткіліксіз болғандықтан адамның иммунитеті төмендейді. Маманның есебінше, бір адамға 14 шаршы метрден келуі керек.