Тікелей эфир

Туу туралы куәлікті кім және қалай тегін қайта жасата алады?

Сурет qyzylqoga.kz сайтынан алынды
Сурет qyzylqoga.kz сайтынан алынды
Туу туралы куәлік баланы алғаш тіркеген кезде тегін беріледі. Оны өзгерткен, толықтырған, түзеген не қайта жататқан кезде 0,5 АЕК (1 389 теңге) ақы төлеу қажет.

Дегенмен Салық кодексінің 618-бабына сәйкес, келесі санаттарға жататын азаматтар бұл ақы түрінен босатылады:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
  • 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
  • мүгедектер;
  • бала жасынан мүгедектің, мүгедек баланың ата-анасының бірі, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк ұйымдар.

Бұл жеңілдікті, мысалы, баланың туу туралы куәлігі жоғалып немесе бүлініп қалса, баланың аты-жөні өзгергенде куәлікті қайта алғанда пайдалануға болады. Ол үшін баланың ата-анасының бірі өтініш жазады және басқа құжаттармен бірге мүмкіндігі шектеулі туралы анықтаманы ұсынады. Рәсімдеген сәтте баланың болуы міндетті емес.

Оқи отырыңыз: Жеке куәлік пен паспортты кім және қалай тегін жасата алады?

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы кодексі, 188-бап, 1-тармағы бойынша баланың туу туралы куәлігін ата-анасының не олардың бiреуiнiң қалауы бойынша ҚР аумағындағы кез келген тiркеушi органнан алуға болады.

Егер бала бір жастан асқан және туу туралы куәлігі жоқ болса, баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін:

  • ата-анасының түсініктемесі;
  • туу туралы медициналық куәлік;
  • тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тіркеуші органының туу туралы акт жазбасының болмауы туралы хабарламасы;
  • тұрғылықты жері бойынша баланың денсаулығы туралы анықтама ұсынылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда басқа да қызметтермен бірге туу туралы куәлікті перзентханада кезде-ақ рәсімдеуге болады. "Проактивті" деп аталатын бұл қызметті пайдалану үшін баланың анасы мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары