Қазақ тілін үйрену үшін диктант жазудың пайдасы зор. Оған қоса әртүрлі тақырыптағы мәтіндерді оқып, түсінік айту да сол тілде ойлап, сөйлеуге көмектеседі. Қазір талапкерлер оқуға түсу үшін ҰТБ-да оқу сауаттылығынан тест тапсырады. Ол жерде бірнеше мәтін беріледі және сол мәтіндердің мазмұнына қатысты сұрақтар қойылады. Бұл оқушының қаншалық қазақ тілін түсініп әрі ойлана алатынын көрсетеді.
Информбюро порталы әзірлеген тест тапсырмаларын орындап, оқу сауатыңызды тексеріңіз. Алдымен мәтінді түсініп оқып шығыңыз.
Тоғызқұмалақ
Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады.
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастары ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыруы керек. Тоғызқұмалақ – жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын. Тоғызқұмалақта бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды.
Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы’’ кітабында жақсы жазылған.
Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған.
Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан. Сондықтан да бұл ойын "малшы математикасы" деп аталған. Шындығында, бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы "қазан" мен "отаудың" орнын жерді оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған. Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі – ол аса күрделі жабдықтарды қажет етпейді. Барлық құмалақты салатын шұңқырды – қазан, тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын орынды отау дейді.
Informburo.kz порталы әзірлеген өзге тапсырмаларды да орындап көріңіз:
- Қазақша сауатты жазып жүрсіз бе? Бірге тексерейік
- Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антоним сөздерді табыңыз. Тест
- Мағынасы жақын синоним сөздерді табыңыз. Тест
- 25 қазан – Республика күні. Егемендік декларациясы туралы жақсы білесіз бе?
- Қазақ тілінің грамматикасын жақсы білесіз бе? Тест
- Қазақша калькасыз таза сөйлейсіз бе? Бірге тексерейік
- Жұмбақтың жауабын тауып, қазақша үйреніңіз. Тест
- Қазақша үйренейік: Мақал-мәтелдерді қаншалықты жақсы білесіз?
- Оралхан Бөкейге – 80 жыл. Қаламгер өмірі мен шығармашылығына арналған тест
- Абай туралы қаншалықты жақсы білесіз? Тест
- Алаш қайраткерлерін жақсы білесіз бе? Фототест
- Бұл кімнің ескерткіші? Фототест
- Рейхстагқа ту тіккен қазақ кім? ҰОС тарихы бойынша 10 тест сұрағы
- Рамазан айында қандай білім жинадыңыз? Ораза-тест
- Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуді сұрап Колбинге хат жазған кім? Наурыз-тест
- Быламық па, ботқа ма? Қазақтың ұлттық тағамдарына арналған тест
- "Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай". Ақын Мұқағали Мақатаев жайлы тест
- Погондағы жұлдыздар: әскери шендерді айыра білесіз бе? Тест
- Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын қаншалықты жақсы білесіз? Тест
- Сіз министрлерді жақсы танисыз ба? Фототест
- Жол белгілерін жақсы білесіз бе? Жүргізушілерге арналған тест
- Екінші Елизавета патшайымның өмірі туралы не білесіз? Тест
- "Менің атым Қожа" фильмінің кейіпкерлері есіңізде ме? Тест
- Жастар тілін түсінесіз бе? Тесттен өтіп, тексеріп көріңіз
- Тест: "Жүдә", "біттей", "бытықана". Диалект сөздердің мағынасын қаншалықты білесіз?
- Тест: "Жынымды келтірмеңізші". Шенеуніктердің хит болған сөздері есіңізде ме?
- Қазақ ертегілерін жақсы білесіз бе? Тест
- Қошқар мүйіз бен арқар мүйізді ажырата аласыз ба? Ою-тест
- Республика күні тарихын жақсы білесіз бе? Тест
- Қазақстанда президент сайлауы қалай өтетінін білесіз бе? Тест
- Тест: Теңгенің тарихын жақсы білесіз бе?