Қазақ тілі – әдеби тіл. Бұл тілде тұрақты сөз тіркестері, яғни, фразеологизмдер жиі қолданылады. Мәселен, біреу қуанса, "екі езуі екі құлағына жетті" дейміз, ал қызғаныш білдірсе, "көре алмайды", "іші тар" деп мінейміз. Анығында, адамның езуі құлағына жете қоймас, ал "көре алмау" ол адамның соқырлығын білдірмейді.
Дегемен, ауызекі тілде де жиі қолданылып келген тұрақты сөз тіркестері қазір әдебиеттен де ауылын алыс салып жатқан жайы бар. Осыдан да болар, көп адам тіпті танымал тұрақты сөз тіркестерінің де мағынасын біле бермейді. Ал сіз білесіз бе?
Информбюро порталы әзірлеген тест сұрақтарына жауап беріп, біліміңізді тексеріңіз.
Тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға, басқа сөзбен алмастыруға келмейді. Ал мағынасы оның құрамындағы сөздердің мағыналарынан алшақ болады. Қанша сөзден құралса да бір ғана мағынаны білдіреді. Мысалы, "бетінен оты шықты" дегенде "оты бетінен шықты" деуге болмайды және үш сөз бір ғана "ұялды" деген мағынаны білдіреді.
Төменде тест әзірлеу барысында қолданылған тұрақты сөз тіркестерін тізіп беріп отырмыз. Алайда, оларды тест сұрақтарына жауап берген соң ғана жаттау мақсатында ашып оқуға кеңес береміз.
Тест тапсырмаларында қолданылған сөз тіркестері
"Ит арқасы қиян" – алыс, шалғай
"Ит өлген жер" – алыс, шалғай
"Ит байласа тұрғысыз" – адам тұрғысыз
"Жүрегінің түгі бар" – батыр
"Су жүрек" – қорқақ
"Қоян жүрек" – қорқақ
"Көк айыл" – ашушаң
"Аузын буған өгіздей" – үндемейтін адам
"Қой аузынан шөп алмас" – момын адам
"Жарғақ құлағы жастыққа тимеу" – тынымсыз, ұйықтамай жұмыс істеу
"Зәрезап болу" – үрейі ұшу, жүрегі шайлығу
"Иығынан дем алу" – мақтану
"Көзді ашып-жұмғанша" – тез, жылдам
"Кірпік қаққанша" – тез, жылдам
"Қас пен көздің арасында" – тез, жылдам
"Құлаққа ұрған танадай" – тып-тыныш
"Инемен құдық қазғандай" – қиын, ауыр
"Қызыл сирақ" – кедей
"Бит қабығынан биялай тоқыған" – өте шебер
"Кең балақ, жалпы етек" – икемсіз, қолынан іс келмеу
"Қызыл өңеш" – даукес, сөзуар
"Қызыл тіл" – шешен
"Бет бақтырмау" – бой бермеу
"Ат арылту" – әуре болу
"Қаймағы бұзылмау" – тату
"Арасынан қыл өтпеу" – тату
"Алтыбақан ала ауыз" – ауызбіршілігі жоқ
"Бармағын тістеу" – өкіну
"Жыл көрдің бе, ай көрдің бе?" – көп ұйықтаған адамға айтылады.
Информбюро порталы әзірлеген өзге тапсырмаларды да орындап көріңіз:
- Сіз министрлерді жақсы танисыз ба? Фототест
- Жол белгілерін жақсы білесіз бе? Жүргізушілерге арналған тест
- Екінші Елизавета патшайымның өмірі туралы не білесіз? Тест
- "Менің атым Қожа" фильмінің кейіпкерлері есіңізде ме? Тест
- Жастар тілін түсінесіз бе? Тесттен өтіп, тексеріп көріңіз
- Тест: "Жүдә", "біттей", "бытықана". Диалект сөздердің мағынасын қаншалықты білесіз?
- Тест: "Жынымды келтірмеңізші". Шенеуніктердің хит болған сөздері есіңізде ме?
- Қазақ ертегілерін жақсы білесіз бе? Тест
- Қошқар мүйіз бен арқар мүйізді ажырата аласыз ба? Ою-тест
- Республика күні тарихын жақсы білесіз бе? Тест
- Қазақстанда президент сайлауы қалай өтетінін білесіз бе? Тест
- Тест: Теңгенің тарихын жақсы білесіз бе?