Тікелей эфир

Алаш қайраткерлерін жақсы білесіз бе? Фототест

Фото: bugin.kz
Фото: bugin.kz
10 сұрақтан тұратын суретті тест.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді  тұтқындаудан басталды. Оларға "буржуазиялық ұлтшыл" деген айып тағылып, әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. "Халық жауларын анықтау" саясаты салдарынан Қазақстанда 100 мың адам сотталып, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілді. 

Осы орайда Информбюро порталы қуғындалған Алаш қайраткерлерінің ақ-қара суреттерін нейрожелі көмегімен түрлі түске бояп, арнайы фототест әзірледі.

Ескерту: тест нәтижесі бойынша баға қойылмайды, сондықтан ешқандай көмекші құралдарға жүгінбеуге кеңес береміз.

Informburo.kz порталы әзірлеген өзге тапсырмаларды да орындап көріңіз:

Серіктестер жаңалықтары