Тікелей эфир

Майбалық: Франция әскерінің азығы болған өнім қалай бүкіл әлемге тарады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
27 мамырда әлемде консервідегі майбалықты жасап шығару күні атап өтіледі.

Бұл өндірісті кім және қашан қолға алды, оның пайдасы қандай?  

Тарихшылардың пікірінше, барлығы Латвиядан басталған. Балтық жағалауында өмір сүрген халықтар ғасырлар бойы балық аулап, оны қақтап, ыстап, тұздаған. Ол кезде балықты сақтаудың басқа әдісі болмады. Тек XVIII ғасырда көпестер ысталған балықты бөшкелерге салып, май құюды ойлап тапты, осылайша балықты ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік туды.

Келесі кезең – майбалықтарды консервілеу өнертабысы. Оны француз аспазшысы Николя Аппер 1804 жылы ойлап тапқан. Ол бактерияларды жоюдың көптеген әдістерін қолданып көрді, алайда, ең қарапайым түрі өнімді ыдыста қайнату болды.

Николя Аппердің өнертабысы 1809 жылы Париждегі өнерді ынталандыру ұйымында ұсынылды. Ет, сүт және көкөністерді консервілеу және сынақтан өткізу үшін 8 ай қажет болды. Нәтижесінде комиссия өнімдердің жағдайы жақсы және жеуге жарамды деген қорытындыға келді.

Өнертабыс үшін сыйлық тағайындау үшін әдістің жазбаша сипаттамасы қажет болды. Консервілеу әдісі жарияланғаннан кейін оны француз армиясы қолдана бастады. 


Оқи отырыңыз: Неге ежелгі Мысыр элитасы балықтан жиіркенді немесе оның өркениет дамуына үлесі қандай?


XIX ғасырдың соңында консервілер өнеркәсіптік ауқымда шығарыла бастады. Ал майбалық өндірісі туралы алғашқы естеліктер Ригада 1890 жылы пайда болды. Бастапқыда бұл консервілер, соның ішінде құтыларды дәнекерлеу қолмен жасалды. Деликатес ретінде саналған консервіленген майбалықтың бағасы қымбат еді.

Жалпы, еуропалық шпрот – бұл майшабақ тұқымдасына жататын балық – ұзындығы 10-12 сантиметр болатын Балтық немесе Қара теңіз шабағы. Бірақ, кеңес заманында майбалық өндірісі жаппай таралғанда, ГОСТ-қа сәйкес хамса мен ұсақ тюльді қолдануға рұқсат етілді.

Қазір майбалық популяциясы азайған кезде, кейбір өндірушілер балықтың басқа түрлерін – мойва, сардина немесе салаканы да пайдаланады. Өндіріс процесінде шикізаттың дәмі өзгереді, тіпті, маманның өзіне балықтың қайсысы қолданылғанын анықтау қиынға соғады.

Ең дәмді шпрот дайындау үшін майшабақты күзгі-қысқы маусымда, қарашадан наурызға дейін аулау керек. Көктемде және жазда ауланған балықтар сапалы шпротқа жарамайды, өйткені олар құрғақ және арық болады.

Балықтар шамшат немесе қандыағаш жоңқаларының түтінінде 15 минут ысталады. Осылайша, майбалықтар алтын түстес болады. Содан кейін балықтарды құтыларға қолмен салып, 30 күнге қалдырады. Балыққа майды сіңіру үшін консервілер аударылып тұрады. 

Шпроттар майлы балық сорттарына жатады, сондықтан олардың негізгі пайдасы – адам ағзасына қажет амин қышқылдарының жоғары мөлшері. Олар адам бойына қуат беріп, бұлшықет тіндерінің және жасушалардың өсуіне көмектеседі.


Оқи отырыңыз: Қапшағай, Іле, Бартоғай. Алматы маңында балық аулауға қолайлы 10 жер


Балықты өңдегеннен кейін де сақталатын А және Е дәрумендері белгілі антиоксиданттар болып табылады. Олар дененің қартаюымен күреседі, сонымен қатар қатерлі ісік ауруының қаупін азайтады. Балық майы – Д дәруменінің көзі, ол иммунитетті нығайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ, майбалықтарда қандағы зиянды холестерин мөлшерін азайтуға қабілетті көп қанықпаған май қышқылдары бар, яғни олар қан ұйю қаупін, атеросклероздың дамуын азайтады және жүрек бұлшықеті мен ми қызметінің қалыпқа келуіне ықпал етеді.

Бұдан бөлек, майбалықтарда сүйектерді нығайту үшін қажет кальций көп. Оның қажетті мөлшерін алу үшін күніне 100 грамм балық жеу жеткілікті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары