Алматы қаласындағы республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында маусым айының соңына дейін "Аю" және "Шағала" қойылымдарын тамашалауға болады.
24 маусымда қойылатын "Шағала" водевиль қойылымы
Корей театры өз тарихында алғаш рет Антон Павлович Чеховтың "Шағала" пьесасын қояды. Жазушының шығармашылығын жылдар бойы зерттеп, оның шығармаларына бірнеше рет жүгінген Кан Те Сик спектакльдің интерпретациясын ұсынады. Дәлірек айтсақ, оның түпнұсқа жанры – водевильге оралады.
Қойылым сағат 19.00-де басталып, бір сағатқа созылады.
Рөлдерді орындаушылар: Треплев – Константин Пак, Тригорин – Борис Югай, Дорн – Эдуард Пак, Заречная Нина – Виктория Ким, Маша – Наталья Ли, Аркадина – Үміт Ким, Медведенко – Сергей Ким, Сорин – Георгий Юн, Шамраев – Әлішер Махпиров, Шамраева – Елена Ким, Яков – Денис Цой, Тимур Лян, Леонид Сон, Еңлік Әшімова, Гүлмира Бақытханова, Лаура Еркігітова, Евгения Юн, Виктория Когай, Сон Суден.
Оқи отырыңыз: Корея мен Қазақстан өзара туризмді қалай дамытып жатыр?
Жобаның шығармашылық жетекшісі Корея Республикасынан келген Пак Кэ Бе, ал режиссерлері – Кан Те Сик пен Елена Ким. Хореограф – Анна Цой, музыкалық көркемдеуші: Кан Те Сик, қоюшы-суретші – Қанат Мақсұтов, костюм суретшісі – Ким Ин Ок.
29 маусымда қойылатын "Аю" комедиялық қойылымы
Классикалық жанр. Помещик Поповтың жесірі аза тұтып жатқанда Смирнов одан күйеуінің қарызын қайтаруды талап етеді. Ауызша жанжал дуэльге ұласады. Бір актілі комедияның соңы немен бітетінін Дмитрий Скиртаның қойылымынан көріңіз.
Ұзақтығы – 1 сағат.
Рөлдерде: Попова – Надежда Ким, Смирнов – Сергей Ким, Лука – Махпиров Алишер, қыздары – Наталья Ли мен Ақбота Зейнолла.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар 1 сәуірден бастап Оңтүстік Кореяға визасыз бара алады
Режиссері – Дмитрий Скирта, хореограф – Анна Цой, сценография – Юлия Чернова және музыкалық көркемдеуші – Георгий Юн.