Тікелей эфир

СҚО-да санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кеңсе қызметкерлері коронавируспен күрес үшін заңсыз үстемеақы алған

informburo.kz суреті
informburo.kz суреті
Үш айдың ішінде олар жарты миллионнан астам теңге алды.

Солтүстік Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің үш кеңсе қызметкері коронавируспен күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысушы ретінде жалақыға қосымша заңсыз үстемақы алды. 2020 жылдың мамырынан шілдесіне дейінгі үш ай ішінде олар 540 мыңнан астам теңге алған. Бұл туралы Петропавловск.news хабарлады.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары кеңсе қызметкерлеріне жағдайды талдағаны, ақпаратты жинақтағаны және құжаттарды толтырғаны үшін үстемеақы тағайындағанын анықтады.

"Жұмыс, әрине, инфекция ошағында емес, департаменттің қауіпсіз кабинеттерінде өтті", – деп жазды басылым.

Алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Дамир Хабибулиннің айтуынша, тексеру барысында инспекторлар қаржы және мемлекеттік сатып алу бөлімінің, сондай-ақ әкімшілік-құқықтық бөлімінің үш қызметкеріне 541,8 мың теңге көлеміндегі үстемеақы тағайындау фактілерін анықтады. Бұл қаржы мемлекетке қайтарылды.

"Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану қаупі үстемеақы белгілеу ережелерінде жазылмаған. Үстемеақыны ай сайынғы жалақыға қосымша төлем ретінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тікелей қатысатын қызметкерлер ала алады. Алайда олардың тізімі ережелерде жоқ. Сондай-ақ, коронавирустың симптомсыз түрімен ауыратын науқастармен байланыста болған медицина қызметкерлері үшін де қосымша ақы қарастырылмаған", – деп түсіндірді Хабибулин.


Оқи отырыңыз: Алматыда 500-ге жуық жедел жәрдем қызметкері үстемеақы алмаған. Олардың мәселесі қалай шешіледі?


Ол үстемеақылар төлеу және тетіктерді жетілдіру кезінде орталық деңгейде бірыңғай тәсіл қажет екенін атап өтті. Мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына шығарылды.

Серіктестер жаңалықтары