ҚазҚСҒЗИ зерттеуі: Қазақстанда 20 жылда тұрғын үй бағасы 15 есе қымбаттады

2000 жылы жаңа үйлердің шаршы метрі орташа есеппен – 21 мың теңгені, 2021 жылы 319 мың теңгені құраған.

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты 2000 жылдан бастап 2020 жылға дейін Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамығанын зерттеді.

20 жылдағы тұрғын үй бағасының динамикасын бақыла ҚазҚСҒЗИ мамандары 2000 жылы жаңа құрылыстағы тұрғын үйдің шаршы метрі орташа есеппен – 21 мың теңге, ал қайталама нарықта 8 мың теңге тұрғанын анықтады. 2004 жылдан бастап баға өскен. Сол жылы жаңа тұрғын үй кешендерінде тұрғын үйдің шаршы метрі – 70 мың теңгеге, ал қайталама нарықта 40 мың теңгеге сатылған.

Баға 2007 жылы күрт өскен: жаңа құрылыстарға бағалар 161 мың теңге/м2 дейін көтерілген. Қайталама нарықтағы тұрғын үйлер де қымбаттаған – 136 мың теңге/м2.

Тұрғын үй бағасының екінші күрт өсуі 2015 жылы орын алды. Сол жылы жаңа құрылыстарда шаршы метр орташа есеппен –  258 мың теңге, ал қайталама нарықта 190 мың теңге тұрды.

2016 жылдан 2018 жылға дейін қайталама нарықтағы бағаның біршама төмендеуі байқалды. 2018 жылы шаршы метр 186 мың теңгеге дейін арзандады. Алайда жаңа құрылыстарда бағалар одан сайын өсіп, 267 мың теңге/м2 құрады.

Тұрғын үй бағасы 2019 жылы күрт өсті. Қайталама нарықтағы бағалар 1м2 үшін – 200 мың теңгеге дейін, ал жаңа құрылыстарда 294 мың теңгеге дейін көтерілді. 2021 жылғы қаңтардағы деректер бойынша жаңа үйлердің бағасы – 319 мың теңгені, ал салынғаны 245 мың теңгені құрады.


Оқи отырыңыз: "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасына пәтер кезегінде тұрған отбасылардан өтініш қабылдау басталды 


Жылжымайтын мүлікті сатып алуға деген сұраныс артуына және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты осы кезеңде құрылыс материалдары бағасының өсуі байқалуда.

"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2004 жылы 2,6 млн м2, 2015 жылы 8,9 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал 2020 жылы рекордтық көрсеткішке жетіп, 15,3 миллион м2 құрады. Құрылыстың жоғары қарқыны мен әлемдік нарықтағы бағалар құрылыс материалдарының қымбаттауына әкелді. Бұл ретте жылжымайтын мүлікке дүрлікпе сұраныс жаңа құрылыстарда да, қайталама нарықта да тұрғын үйдің шаршы метрі құнының рекордтық қымбаттауына алып келді", – деді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Бас директоры Бегман Кульбаев.

Жүргізілген зерттеу деректеріне сәйкес, 2020 жылы көппәтерлі тұрғын үй құрылысының үлесі бойынша келесі мегаполистер көш бастады:

  • Нұр-Сұлтан – 33,5%;
  • Алматы – 21,1%;
  • Шымкент – 5,7%.

Өңірлердегі көппәтерлі тұрғын үй үлесі келесідей:

  • Маңғыстау облысы – 6,8%;
  • Қарағанды облысы – 4,3%;
  • Ақтөбе облысы – 4,1%;
  • БҚО –3,2%;
  • Ақмола облысы –2,9%;
  • ШҚО –2,9%;
  • Қостанай облысы – 2,8%;
  • Атырау облысы – 2,7%;
  • Павлодар облысы – 2,3%;
  • Түркістан облысы –2,1%;
  • Жамбыл облысы – 1,8%;
  • Алматы облысы – 1,7%;
  • СҚО – 1,6%;
  • Қызылорда облысы – 0,4%.

Нұр-Сұлтан, Алматыда және Ақмола облысында монолитті, өңірлерде керісінше кірпіш үй құрылысы басым. 

ҚазҚСҒЗИ мамандары құрылыс материалдарының, конструкциялардың, сондай-ақ монтаждау жұмыстарының бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Мониторинг 3 мыңға жуық тауарлар мен қызметтер жеткізушілерін қамтиды.

Поделиться:

informburo.kz в TikTok:

присоединитесь к сообществу крупнейшего новостного канала в Казахстане

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Серіктестер жаңалықтары