Өтініштер 12 сәуірден 26 мамырға дейін қабылданады.
"Отбасы банк" АҚ тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтардан Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлады.
Бағдарламаға қатысудың 6 қадамы:
- банктің www.hcsbk.kz сайтында электрондық өтініш беру;
- өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін келесі жұмыс күні, егер Сіз берген өтініш үміткерлердің негізгі тізіміне кіретін болса, іріктеуге шақыру үшін банктен қоңырау күту;
- белгіленген күні және уақытта төлем қабілеттілігін бағалауға қажетті құжаттар пакетімен банк бөлімшесіне келу;
- қарызды мақұлдау туралы банктің оң шешімін алу;
- банктің талаптарына сәйкес келетін тұрғын үйді табу немесе банктің жылжымайтын мүлік порталында тұрғын үйді брондау және жылжымайтын мүлікті бағалау;
- банктен қарыз алу.
Оқи отырыңыз: Бүгіннен бастап "Ұмай" әйелдер ипотекасы іске қосылды. Оның шарттарымен таныстырамыз
Ескере кету керек, өтініш берушінің жинақ шотында қарыз сомасының кемінде 10%-ы мөлшерінде болған кезде қарыз берілуі мүмкін.
Негізгі тізім бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін банкте бағдарлама аясында кредит беруге арналған қаражат бар болған жағдайда, сондай-ақ негізгі тізімнен қатысуға өтініштер жойылған жағдайда, резервтік тізімдегі ЖАО-да кезекте тұрғандар бағдарламаға қатысуға шақырылуы мүмкін.
ЖАО-да кезекте тұрғандар ретінде есепке қою күнін сіз egov.kz сайтында немесе өзіңіздің аймағыңыздағы жергілікті атқарушы органда тексере аласыз.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптармен Банктің www.hcsbk.kz интернет-ресурсындағы "Қолжетімді баспана" бөлімінде толығырақ танысуға болады.
Оқи отырыңыз:
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1✍🏻 Ақтаудың жаңа әкімі тағайындалды. Ол бұрын облыс басшысының орынбасары болған
-
355
-
0
-
0
-
-
2🌧 21-23 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамы
-
357
-
0
-
1
-
-
3👨💻 Астанада бос жұмыс орындарын табуға болатын Telegram-бот іске қосылды
-
291
-
0
-
0
-
-
4👶🏻 Петропавлда әкесі сәбиін бесінші қабаттың терезесінен лақтырмақ болды
-
276
-
0
-
0
-
-
5‼️ ҚМДБ қазақтың ұлттық дәстүрлерін насихаттауға маңыз бермек
-
264
-
1
-
4
-
-
6⛔️ Алматыда жәрмеңке өтуіне байланысты Шевченко көшесі жабылады
-
218
-
0
-
0
-
-
7👮♀️ Шымкент қаласының тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды
-
188
-
0
-
0
-