Тікелей эфир

Жыл соңына дейін Алматы мектептерінің аумағында 97 "Сергек" бекеті орнатылады

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің аумағында 47 жаңа жол белгілері орнатылды.

1 қыркүйек күні, сондай-ақ, оқу жылының алғашқы апталарында полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет етеді, деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тәртіп сақшылары білім беру мекемелері маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде кезекшілік атқарып, ата-аналар және балалар сондай-ақ жүргізушілермен жұмыс істейтін болады.

"Оқу жылының бастапқы кезеңінде жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттыру үшін мектеп округтерінде патрульдік полиция экипаждары, ювеналды полицейлер кезекшілік ететін болады. Бүгінгі таңда мектептердің жанындағы жол белгілерін ауыстыру, жасанды төмпешіктерді орнату жұмыстары жүргізілді. Барлығы 62 жасанды төмпешік орнатылды", – деді Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, "Абайлаңыз, балалар" жедел алдын алу шарасына дайындық кезінде жалпы білім беретін, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің аумағында 47 жаңа жол белгілері орнатылды, 43 жол белгі қалпына келтірілді, 10 500 шаршы метр аумаққа жолды белгілеу сызықтары салынды.


Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрі: Мектептерді күзету кемпір-шалдарға тапсырылған


Салтанат Әзірбек ересек тұрғындарды жол ережелерін сақтауға, жол жүру бөлігін белгіленбеген жерлерден өтпеуге шақырды.

"Білім беру мекемелері аумағында көлік жылдамдығын бақылау үшін "Сергек" АӨК-нің 12 бекеті жұмыс істейді.  Сонымен қатар, 2023 жылы "Сергек" АӨК-нің 97 постын орнату жоспарланып отыр", – деп қорытындылады сөзін Салтанат Әзірбек. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары