Министрдің мәліметінше, Қазақстандағы мектептердің тек 84 пайызы ғана лицензияланған күзетпен қамтылған.
Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мектептегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
"700 адамнан асатын мектептерде радиобайланысы бар, қызметтік қарумен жабдықталған және жедел әрекет ету мобильді топтары бар лицензияланған күзет болуы керек. Бірақ бүгінгі күні онымен 1416 мектептің 1193-і ғана, яғни мектептердің тек 84 пайызы ғана қамтылған", – деді министр.
Министрдің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан мен Түркістан облыстарында ешбір мектеп мұндай күзетке алынбаған. Ал Ұлытау облысындағы мектептердің – 9 пайызы, Қостанайда 50 пайызы ғана күзетіледі.
Оқи отырыңыз: Қызылордада оқушылар бұрынғы түрме ғимаратында оқып жатыр. Жаңа мектеп салынуы тиіс жерлер кәсіпкерлердің меншігінде
"Іс жүзінде, мектептерді күзету кәсіби емес мамандарға, яғни қарапайым кемпір-шал "вахтерларға" тапсырылған. Оларда мүмкіндік те жоқ, заңмен белгіленген жауапкершілік те жоқ. Сондықтан, қауіпті заттар мен қаруды кіргізуге тосқауыл қояды деп үміттену – бос амал", – деді министр.
Марат Ахметжанов мекеме әкімшілігі техникалық спецификад күзеттің тәсіліне, қызметкерлердің шекті жасына және олардың арнайы дайындық деңгейіне талаптарды дұрыс қою керек екенін атап өтті.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-