Жыл басынан бері Қазақстаннан көшіп кетушілер саны азайды

Негізгі көші-қон алмасу ТМД мемлекеттері арасында жүрген.

Қазақстаннан көшіп кетушілер саны 49,6 пайызға азайды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Статистика мәліметі бойынша, негізгі көші-қон алмасу ТМД мемлекеттері арасында жүрген.

"2023 жылғы қантар-наурызда елден көшіп кеткендер саны 2 664 адамды құрады. Атап айтқанда, ТМД елдеріне кеткендердің үлесі – 69,5 пайызды, сол жақтан келгендердің үлесі 90 пайызды құрады", – делінген ақпаратта.


Оқи отырыңыз: Президент ішкі көші-қон саласын ретке келтіруді тапсырды


Сондай-ақ, ел ішінде көшіп келушілер саны 10,9 пайызға өскен.

"Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларында және Алматы облысында (223 адам) халық көші-қонының оң көрсеткіші қалыптасты", – делінген ақпаратта.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау