USD: 475.5 / 478.3
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Президент ішкі көші-қон саласын ретке келтіруді тапсырды

Президент ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қайта құрылатынын айтты.

Сарбаздарға қару-жарақты қажет жерге жеткізу үшін әскери көлік авиациясын толықтыратын боламыз, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.  

"Бесінші мәселе еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарға әскери техника, қару-жарақты қажет жерге жеткізу үшін әскери көлік авиациясын толықтыру ісін қолға аламыз. Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын ретке келтіретін кез келді. Қару-жарақ айналымын жақсылап тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет. Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіреміз", – деді Тоқаев. 

Мұнымен қатар, президент ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру қажет екеніне тоқталды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау