USD: 485.5 / 489.5
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Жыл басынан бері Іле Алатауына 800 мыңға жуық адам келген

Жыл басынан бері Іле Алатауына 800 мыңға жуық адам келген
Ұлттық парк аумағында келушілерге ақпараттық-танымдық қызмет көрсету мақсатында төрт визит-орталық қызмет көрсетеді.

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 46 туристік соқпақ пен маршрут бар. Биыл Алматы қаласы әкімдігімен жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында 100 шақырымға жуық 11 туристік соқпақты абаттандыру, 3 кемпингтік аймақты жабдықтау және 3 бұлақты қалпына келтіру жұмыстары жасалды.

Жыл басынан бері 9 айда келушілер саны 792 298 адам санын құрады. Ұлттық парк аумағында келушілерге ақпараттық-танымдық қызмет көрсету мақсатында төрт визит-орталық (Аюсай, Горельник шатқалы, Батан, және Түргенсай) қызмет көрсетеді. Бұтақты шатқалындағы визит-орталықтың құрылысы аяқталуға тәмам.

Парк аумағында 10 бақылау-өткізу бекеті жұмыс істейді. Оның ішінде төрт бақылау-өткізу бекетін толық автоматтандыру жұмыстары аяқталып келеді (Алма-Арасан, Түрген, Бутаковка, Қаскелең).

Автоматтандырудың негізгі артықшылықтары:

  • келушілерді тіркеу және төлем қабылдау процестерінің жеделдігі;
  • адам факторын азайту арқылы кіріс түсімдерінің ашықтығы;
  • туристік ағым бойынша нақты статистика жүргізу мүмкіндігі;
  • кезектерді азайту арқылы туристерге жайлы жағдай жасау.

"Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасы аясында 249 іс-шара өткізілді. Оған барлығы 97 600 адам қатысты. Іс-шаралар нәтижесінде 8 200 түп ағаш отырғызылып, 11,5 тонна (11 500 кг) қоқыс жиналды.

Қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқару бойынша 2025 жылдың 9  айында парк аумағынан 886 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Бүгінгі күнге қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін 32 жабық алаң ұйымдастырылған. Қоқыс жинауға арналған 365 контейнер орнатылды. оның ішінде: құрғақ фракцияға арналған – 295 дана, дымқыл фракцияға арналған – 70 дана. Қоқысты шығару үшін заманауи 2 Iveco және 1 JAC арнайы техникасы сатып алынды.

Сонымен қатар, Ұлттық парк аумағында 104 арнайы от жағатын алаңдар орнатылған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз