150 адам бауыр іздесе, 149 адам жүрекке тәуелді. Ал 16 науқас өкпені, 2 адам жүрек пен өкпені кешенді ауыстыру кезегінде тұр. Донорды қажет ететіндердің 102-сі – бала, деп хабарлаа, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қазақстанда биылдың өзінде ағза донорына кезекте тұрған 235 адам қайтыс болды.
"Жыл басынан бері өкінішке орай 235 отандасымыз бірыңғай күту парағынан қайтыс болу себебімен шығып қалды. Операция санына келетін болсақ, жыл басынан бері 99 трансплантация жасалған", – деді Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталық директоры Әділ Жұмағалиев.
Мамандар донор табу ине іздегенмен бірдей екенін айтады. Себебі, мәйіттік донорлыққа келісетіндер өте аз. Тіпті, адам тірі кезінде келісім бергенімен, кейін туыстары қарсы болатын жағдайлар жиі кездеседі.
"Елдегі менталитет пен көзқарасты өзгерту керек. Ислам елдерінде мәйіттік трнасплантация бар. Бұл науқастарды құтқарудың жалғыз жолы екенін түсінген жөн. Әйтсе де біз ешкімді мәжбүрлемейміз. Тек халық дұрыс түсінсе дейміз", – дейді дәрігер Салтанат Сариева.
Десе де, трансплантация отасы былтырға қарағанда 1,5 есе артқан. Мамандар жыл сайын кезектегі жүздеген адам донорларға жете алмай қайтыс болатынын айтады.
Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: